Дәрілік заттардың қауіпсіздігін фармацевтикалық қадағалау және мониторинг жүргізу

VIVA Pharm компаниясы өзі шығаратын және Қазақстан мен басқа елдердің фармацевтикалық нарығына жеткізетін дәрілік заттардың қауіпсіздігіне мониторинг жүргізуді бақылап отырады. Дәрілік заттар айналымы саласындағы халықаралық нормалар мен заңнаманың қолданыстағы нормативтік құжаттарына сүйене отырып, біз тіркелген препараттардың жанама әсерлері мен өзара әрекеттесуі туралы ақпарат жинаймыз және оларға талдау жүргіземіз, сондай-ақ фармацевтикалық қадағалаудың қабылданған жүйесіне сәйкес реттеу органдарымен белсенді ынтымақтастықта жұмыс істейміз.
Егер Сіз VIVA Pharm компаниясының дәрілік заттарын қабылдау барысында туындаған жанама әсерлерінен хабардар болсаңыз, өтінеміз, төменде орналасқан жанама әсері туралы хабарлама нысанын толтырып, оны  электрондық почтаның адресі бойынша pv@vivapharm.kz e-mail-іне жіберіңіз немесе  8 (727) 383 74 63 телефоны бойынша VIVA Pharm компаниясының Реттегіштік қолдау, фармацевтикалық бақылау және дәрілік заттардың қауіпсіздігі департаментіне хабарласыңыз.
Компанияның Фармацевтикалық бақылау  қызметіне келген ақпараттың бәрі қатаң құпия болып саналады және заңнамамен бекітілген жағдайлардан басқа кезде жарияланбайды.
Іріктеу:
Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть