С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де мамандықтары бойынша өткен студенттік олимпиаданың

Жаңалықтар

С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де мамандықтары бойынша өткен студенттік олимпиаданың

14 сәуір

Viva Pharm компаниясы С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша өткен студенттік олимпиаданың демеушісі болды, ал компанияның бас директоры Машкеев Батырбек Әукенұлы практикалық фармация мен фармацевтикалық өндіріс технологиясының сыртқы сарапшыларының бірі ретінде іс-шараға қатысты.

Олимпиадаға келесі жоғары оқу орындарының 3-5 курс студенттері қатысты:

  • С.Д. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университеті;
  • Е.А. Бүкетов атындағы Қарағанды ұлттық университеті;
  • Қарағанды ұлттық медициналық университеті;
  • «Астана медициналық университеті» АҚ;
  • Семей қ. мемлекеттік медициналық университет.



 

Екі турдың қорытындылары бойынша олимпиаданың конкурстық комиссиясы жеңімпаздарды анықтады.

Viva Pharm компаниясы төрт жеңімпазға, яғни: Устинова Марияға (С. Д. Асфендияров ат. ҚазҰМУ); Атанбаев Азаматқа (Е. Бүкетов ат. ҚарММУ); Ештаева Әсемге (ҚарММУ); Соловьева Юлияға (Семей қ. ММУ) өз фармацевтикалық өндірісінде ақысы төленетін екі апталық практикадан өту сертификатын табыстады.


 

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть