Бас пен мойын бөлігіндегі өскіндерді ерте диагностикалаудың мультидисциплинарлық тәсілі

Жаңалықтар

Бас пен мойын бөлігіндегі өскіндерді ерте диагностикалаудың мультидисциплинарлық тәсілі

20 маусым

Қазақстанда жыл сайын Бас пен мойын зерттеушілерінің Еуропалық қоғамының аясында (European Head and Neck Society, EHNS) және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Қазақ онкология мен радиология ҒЗИ-ның, сондай-ақ MERCK және VIVA Pharm фармацевтикалық компанияларының қолдауымен Бас пен мойын обырын ерте диагностикалаудың Еуропалық апталығы өтеді, оның мақсаты – бірінші буын дәрігерлері мен халықты бас пен мойын обырының алғашқы симптомдарынан хабардар ету. Осы акцияның аясында Қазақстан мен Ресейдің жетекші онкологтары отоларингология мен стоматология саласындағы мамандарды оқытады.

2017 ж. 20 маусымда Семей қ. Өңірлік онкологиялық диспансердің базасында «Бас пен мойын бөлігіндегі өскіндерді ерте диагностикалаудың мультидисциплинарлық тәсілі» тақырыбына конференция өтті, оған жүздеген онколог дәрігерлер, стоматологтар мен оториноларингологтар қатысты.
Конференцияда ҚазОжРҒЗИ-ның ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі О. В. Шатковская, Семей қ. ММУ онкология және визуалды диагностика кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Т. А. Адылханов, Семей қ. ММУ стоматологиялық пәндер кафедрасының доценті Л. М. Садвакасова баяндама жасады.

Қатерлі өскіндердің жалпы құрылымында бас пен мойын обыры таралуы бойынша алтыншы орында тұр. Әлемде жыл сайын бас пен мойынның жалпақ жасушалы обырынан зардап шегуші 1 млн астам науқастарды анықтайды, оның ішіндегі шамамен 700 мың адам  жыл сайын қайтыс болады. Бас пен мойын обырының орналасқан жері – бұл көмей, ауыз қуысы, жұтқыншақ, мұрын қуысы мен мұрын жанындағы қойнаулар, сілекей бездері.

Қазақстанда осы онкопатологиядан зардап шегушілердің көбісі ІІІ-ІV кезеңде медициналық көмекке жүгінеді, осының нәтижесінде емдеу қиынға соғады. Бұл, әдеттегідей, мүгедектікке әкелетін және емделушілердің өмір сапасын барынша төмендететін зақымдаушы оталар. Ауруды ерте диагностикалау және адекватты ем науқасты емдеп шығу мүмкіндіктерін арттырады.

Іс-шараның теоретикалық бөлімінен кейін шеберлік сыныбы жалғасын тапты, ауыз қуысының, көмейдің, жұтқыншақтың, қосалқы қуыстардың қатерсіз ісіктері мен ауыз қуысының ерте обырының клиникалық жағдайларына талдау жасалды.

Сондай-ақ Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды және Семей ққ. өтіп жатқан іс-шаралардың аясында халықты тексерулер жүріп жатыр. Сіз 8-800-080-5058 «жедел желі» телефоны бойынша хабарласу арқылы диагностикаға жазылып, мультитәртіптік мамандар командасында тегін скринингтен өте аласыз.

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть