"Интерхим" Қазақстанда үш препараттың өндіріс ошағын ашты

10 тамыз

// VIVA Pharm компаниясының медициналық директорының  "Интерфакс-Украина" украиналық жаңалықтар порталына берген сұхбаты //

"Интерхим" ҚЖҚ фармацевтикалық компаниясы (Одесса) "Вива Фарм" ЖШС қазақстандық базасында Қазақстанның нарығына шығатын үш дәрілік препараттың өндіріс ошағын ашты.

"Вива Фарм" компаниясының медициналық директоры Ботагөз Машкеева "Интерфакс-Украина" агенттігіне хабарлағандай, жақын арада қазақстандық фармацевтикалық зауыттың өндірістік қуатымен таблеткаланған вирусқа қарсы  «Тилаксин» препараты шығарылатын болады, ол Украинада «Амиксин», қарапайым және сублингвальді таблеткалар түріндегі "Гидазепам VІС", сондай-ақ таблеткаланған формадағы "Морфина сульфат VIC" апиынды анальгетик ретінде танымал.


  

Б. Машкеева қазіргі кезде компанияның тағы бірқатар дәрілік препараттарды шығарумен жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді, оның ішінде бірнеше анксиолитиктер, эпилепсияға қарсы заттар, сондай-ақ айқын ауырсыну синдромын емдеуге арналған препаттар болады. Ол Қазақстанда жергілікті өндірушілерді мемлекеттік қолдау саясаты іске асырылып жатқанын атап өтті, ал бұл дайын дәрілерді импорттауға қарағанда дәрілік заттарды өндіру технологияларын Қазақстанға көшірудің тиімдірек екендігін қарастырады.

"Соңғы жылдары бұл жергілікті фармацевтикалық зауыттың дамуына жаңа серпін беріп, еңбекақысы жоғары жұмыс орындарының санын арттырды, және бұл ретте заманауи және тиімді дәрілердің физикалық және баға қолжетімділігін барынша көтерді", - дейді Б. Машкеева.

Өз кезегінде «Интерхим» ҚЖҚ бас директорының маркетинг жөніндегі орынбасары Ирина Гранатюк украиналық мамандар өндіріске арналған технологиялар трансфері мен субстанцияларды жеткізумен қатар өнімдерді фармацевтикалық әзірлеу мен сапа жүйесін қамтамасыз етудің барлық кезеңіне қатысатынын айта кетті.

"Біз Қазақстандағы әріптестермен көп жылдан бері серіктестікте жұмыс істеп келеміз. Бұл елдің нарығы қарқынды дамуда әрі тұрақты өсуде. Қазақстанның дәрілердің ішкі өндірісін ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатын назарға ала отырып, осы жерде бірқатар сұранысқа ие дәрілердің өндірісін ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Біз үшін ең бастысы препараттарымыздың сапасын сақтау болды. Содан біз өндіріс ошағын ашу бойынша серіктес таптық, және оның өнімнің тұрақты жоғары сапасын қамтамасыз ететіндігіне сенімдіміз ", - дейді ол.

Атап өткендей, 2016 жылғы мамыр айында "Интерхим" ауданы 15 мың текше метрді құрайтын логистикалық орталығы мен әкімшілік бөлімі бар зертханалық-өндірістік кешенін ашты. Жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі 42 млн астам евроны құрады.

"ИнтерХим" ҚЖҚ –  дайын дәрілік заттар мен фармацевтикалық субстанцияларды  шығару бойынша украиналық жетекші өндірушілердің бірі. Өндіріс GMP (Тиісті өндірістік практика) стандарттарына сәйкестікке сертификатталған. "ИнтерХим" ҚЖҚ ассортименттік портфелі жеті фармацевтикалық субстанциядан, дәрілік заттардың 80-нен астам номенклатуралық бірліктерінен тұрады, оның ішінде "Феназепам", "Гидазепам", "Амиксин", "Левана" төрт бірегей препараты бар. "Амиксин" мен "Гидазепам" Украинадағы 50 фармацевтикалық препараттар топтамасына кіреді. Фармацевтикалық өндірушінің іске асыру құрылымындағы бірегей дәрілердің үлесі шамамен 45 %-ды құрайды. "Интерхим" фармацевтикалық компаниясы "Украинадағы дәрілерді өндірушілер" Қауымдастығының (УДӨҚ) мүшесі болып табылады.

Қазақстандық "Вива Фарм" компаниясы Қазақстанның фармацевтикалық нарығында 18 жыл бойы жұмыс істеуде, ол фармацевтикалық әзірлемелермен, клиникалық зерттеулермен, дәрілік заттардың кең ауқымын тіркеумен, өндірумен және сақтаумен айналысады.

"Вива Фарм" компаниясының толық циклді өндірістік учаскесі жылына 200 млн таблеткалар мен капсулалар қуатына ие, GMP стандарты бойынша сертификатталған. Компанияның тіркеу куәлігі бар және дәрілік заттардың 25 атауын шығаруда. "Вива Фарм" өндірісінің препараттары 2012 жылдан бастап дәріханалардың бөлшектеп сату желісінде ғана сатылып жатқан жоқ, сонымен бірге Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің аясында стационарлық және амбулаториялық деңгейде жеткізілуде. Ассортименттік тізім кардиологиялық, гистаминге қарсы, вирусқа қарсы, ауруды басатын, ОЖЖ-нің ауруларын емдеуге арналған препараттар мен дәрумендерден тұрады.

Дереккөз
http: //interfax.com.ua

Жаңалықтар тізіліме қайта оралу
Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть