Тіркеу кезіндегі консалтинг

Дәрі-дәрмектерді тіркеу – бұл препаратты өткізу үшін нарыққа шығару кезіндегі ажырамас құрамдас бөлігі.

Реттегіш қолдау Департаменті, фармакоқадағалау және дәрі-дәрмектердің қауіпсіздік Департаментінің мамандар командасы VIVA Pharm серіктестеріне Қазақстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанда дәрілік препараттардытіркеуде, қайта тіркеуде, сондай-ақ тіркеу құжаттамасына өзгерістер енгізуге толық қолдау көрсетеді.

Департамент командасының жұмысына отандық және шетелдік өндірістегі дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу бойынша қызметтер кешені енеді. Біз инновациялық, сонымен қатар орфаннды, сондай-ақ әсері түрлі спектрлі қайта өңделген (генериктермен және биосимилярлармен) дәрілік препараттармен жұмыс істейміз. Оған қоса, біздің компаниямыздың мамандары тіркелетін препараттардың фармакоқадағалануы бойынша бір ретке келтірілген жұмысты ұйымдастырған, ол VIVA Pharm серіктестері болып табылатын тіркеу иелеріне дәрілік заттардың қауіпсіздігіне уақтылы мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.

Кәсіпқойлық тәжірибеміз бен заң талаптарының өзгеруін тұрақты түрде бақылау жоғары сапалы консалтингілік қызмет көрсетуге мүмкіндік береді және қолданыстағы заңнама аясында күрделі мәселелерді алуан түрлі амалдармен шешуге кепілдік береді.

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть