Фармакоқадағалау

және дәрілік заттар қауіпсіздігінің мониторингі

VIVA Pharm компаниясы Қазақстан мен басқа елдердің фармацевтикалық нарықтарына шығарылатын және жеткізілетін дәрілік препараттардың қауіпсіздік мониторингіне қамқорлық жасайды. Дәрілік заттар айналымы саласындағы заңнаманың халықаралық нормалары мен қолданыстағы нормативтік құжаттарын басшылыққа ала отырып, біз жанама құбылыстар және тіркелген препараттардың өзара іс-қимылы туралы ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асырамыз, сондай-ақ қабылданған фармакологиялық қадағалау жүйесіне сәйкес реттеуші органдармен белсенді ынтымақтасамыз.

Егер сізге VIVA Pharm компаниясының дәрілік препараттарын қолдану барысында туындаған жанама реакциялар туралы белгілі болса, төменде орналасқан жанама реакциялар туралы хабарлама нысанын толтырып, электрондық пошта е-mail: pv@vivapharm.kz мекен-жайы бойынша хабарламаңызды жіберіңіз немесе VIVA Pharm компаниясының дәрілік заттарды реттеушілік қолдау, фармакоқадағалау және қауіпсіздік департаментіне 8 (727) 383 74 63 телефонына қоңырау шалыңыз.

Компанияның фармакоқадағалау қызметіне ұсынылған барлық ақпарат қатаң құпия болып табылады және заңнамада белгіленген жағдайлардан басқа, жария етуге жатпайды.

Хабарлама нысанын жүктеу

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть