Серіктестері

Серіктестік – компания табысының маңызды бөлігі. Әлемдік фармацевтикалық өндірушілермен тығыз байланысымыз препараттардың әлемдік нарығында алдыңғы шепте болуға, сонымен қатар Қазақстан мен өңірдің басқа елдеріндегі тұтынушыларды жақсы дәрі-дәрмектермен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. VIVA Pharmкомпаниясы үшін өзі әрекеттесетін әрбір серіктес қымбат әрі маңызды. Серіктестігіміз шығаратын өнімге өзіміздікінен кем қарамаймыз және оны нарықта өткізу үшін бар күшімізді саламыз. Бұл мәселедегі біздің саясатымыз –өз міндетімізді анық орындау және серіктестерімізге қызметтердің толық спектрін ұсыну. Стратегиялық жоспарлау және басқару, процесс барысында туындайтын барлық мәселелерді жедел шешу, жобаларды жасаудағы құзыреттілік, сенімді бақылау және сөзсіз кәсіпқойлық – осының бәрін бүгінгі таңда әріптестерімізге ұсына аламыз. Бұған уақыт сынынан өткен сенімділік, ашықтылық, икемділік, қозғалмалылық, Қазақстан нарығын терең білу, жоғары нәтижеге қол жеткізуге мақсаттылық жақсы көмектеседі.

VIVA Pharm компаниясының сервисінің жоғары деңгейіне көптеген фармөндірушілер баға беріп үлгерді. Бүгінгі таңда біздің компаниямыз келесідей компаниялармен серіктестік келісімдер жасап отыр: Abbvie, Biomarin, Biotest, Boiron, Biokea, ConvaTec, Gilead, Johnson & Johnson, Laboratoires URGO, LifeScan, Medinova, Mentholatum, Merck Serono, Orion Pharma, Pierre Fabre, Shire, ThreeM, Trenka, UPSA Laboratoires, Xellia, Zambon.

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть