Гидазепам VIC 50 мг
- Дәрілік түрі: Таблеткалар
- Дозасы: 50 мг
- Тірк. нөмірі: КР-ЛС-5№022915
Гидазепам бензодиазепин туындыларының тобына жатады. Жағымсыз әсерлері елеусіз байқалуымен және төмен уыттылығымен анксиолитикалық және белсендендіретін әсерін антидепрессанттық компоненттермен біріктіре отырып, фармакологиялық белсенділігінің бірегей спектріне иеленген. Күндізгі транквилизатор және селективті анксиолитик ретінде әсер етеді.
Қолданылуы
Күндізгі транквилизатор ретінде:
- невроздық, психоздық астенияда;
- үреймен, қорқынышпен қатар жүретін жағдайларда (соның ішінде хирургиялық араласулар және ауыртатын диагностикалық тексерістердің алдында);
- қатты ашушаңдықта;
- ұйқының бұзылуында;
- эмоциялық құбылмалылықта;
- сондай-ақ алкоголизм кезінде абстинентті синдромды басу үшін және созылмалы алкоголизмнің ремиссия уақытында, логоневроз, бас сақинасы кезінде қолданылады.