Клопидогрель Вива Фарм №14
- Дәрілік түрі: Қабықпен қапталған таблеткалар
- Дозасы: 75 мг
- Тірк. нөмірі: РК-ЛС-0№025743
Қолданылуы
Ересектердегі атеротромбоздық асқынулардың салдарлы профилактикасында
- миокард инфарктісімен (бірнеше күннен 35 күнге дейін), ишемиялық инсультпен (7 күннен 6 айға дейін) ауыратын пациенттер немесе шеткері артериялардың диагностикаланған аурулары бар пациенттер
- жедел коронарлық синдроммен ауыратын пациенттер
- ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлық синдром (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі), оның ішінде тері арқылы коронарлық араласу барысында стенттеуге ұшыраған пациенттерге, ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) біріктірілімде
- ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісінде тромбоздық ем жүргізуге жарамды дәрі-дәрмектік ем алушы пациенттерге АСҚ-мен біріктіріп
Жыбырлақ аритмия кезінде атеротромбоздық және тромбоэмболиялық оқиғалардың алдын алу
- жыбырлақ аритмиясы бар ересек пациенттер, қантамыр оқиғаларының кем дегенде бір қауіп факторы бар, К дәрумені антагонистеріне (КДА) төзімсіз және ми инсультін қоса алғанда, атеротромбоздық және тромбоэмболиялық оқиғалардың алдын алу үшін қан кету қаупі төмен пациенттер, АСҚ-мен біріктірілімде
Орташа қауіптен жоғары қауіпке дейін транзиторлы ишемиялық шабуылы (ТИШ) немесе шағын ишемиялық инсульті (ИИ) бар пациенттерге ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп клопидогрел көрсетілген
- 24 сағат ішінде ТИШ немесе ИИ орташа қауіптен жоғары (ABCD2 шкаласы ≥4) ТИШ немесе кіші ИИ (NIHSS ≤3) бар пациенттерге
Жасы, артериялық қысым, клиникалық ерекшеліктері, ұзақтығы және қант диабеті диагнозы
Ұлттық денсаулық институтының инсульт шкаласы