Жаңалықтар
«Astana Zdorovie - 2016» Халықаралық көрмесі
4 қарашаАстанада «Astana Zdorovie - 2016» Қазақстандық халықаралық көрме мен ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігімен (бұдан әрі – ҚР ДСжӘДМ) ұйымдастырылған «ҚР дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың айналымы. Қазіргі заманғы тенденциялар» тақырыбындағы халықаралық конференциясы аясында «СК-Фармация» ЖШСмен «КазМедТех» АҚ біріккен шетелдік компаниялармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойылды.
Шараға Дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымының, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, отандық және шетелдік фармацевтикалық өндірушілер ассоциациясының өкілдері қатысты. Конференцияға қатыса отырып, Тамара Дуйсенова Қазақстанда егемендік жылдары жеке меншік фармацевтикалық нарық қалыптасты деп атап көрсетті.
«Қазіргі кезде отандық фармнарық посткеңестік кеңістікте ең тиімді дамып келе жатқан нарықтың бірі. Бұған елдің экономикалық дамуының жоғары қарқыны, сондай-ақ Мемлекет басшысының денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше назар аударуы септігін тигізді. ҚР фармацевтикалық нарығының көлемі соңғы 10 жылда 3 есеге ұлғайып, қазіргі кезде 1,8 миллиард долларға жетті (2005 жылы – 465,3 миллион доллар)», - деді ол.
Сондай-ақ Министр дәрімен қамтамасыз ету саясатын жетілдіру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіліп жатқанын көрсетті.«Сөйтіп, 2 миллионнан астам қазақстандық амбулаторлық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында мемлекет есебінен 49 әлеуметтік маңызды нозологиямен дәрі-дәрмектің 400-ден астам атауы бойынша қамтамасыз етіледі. Амбулатолық дәрімен қамтамасыз етуге қаржыландыру көлемі 2015 жылы 85 миллиард теңгеге жетті.
Былтырғы жылы дәрі-дәрмекті ұтымды пайдалану үшін британдық сарапшылармен бірге Қазақстандық ұлттық дәрілік тізілім жасалып, енгізілді, оған дәлелді клиникалық тиімділігі бар препараттар енді», - деп қосты Тамара Дуйсенова.
2018 жылдан бастап фармацевтикалық салада тиісті фармацевтикалық тәжірибенің (GXP) стандарттары енгізілетін болады, ол дәрі-дәрмектердің сапасына кепілдік береді. Қазіргі кезде тіркелген және қолдануға рұқсат берілген дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың Мемлекеттік тізімі 14 мың түрден асады. Еліміздің ЕАЭО құрамына кіруімен Еуразиялық экономикалық одақ аясында дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың айналымының бірыңғай принциптері мен ережелері туралы келісімге қол қойылып, бекітілді. Халықаралық стандарттарға сай келетін дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың ортақ нарығы құрылатын болады, ол үшін тараптардың сарапшылары шамамен 40 нормативтік құқықтық актісін әзірлеп қойды.
В ходе мероприятия председатель Правления ТОО «СК-Фармация» Нуржан Алибаев презентовал стратегию развития системы Единой дистрибуции РК в рамках внедрения обязательного социального медицинского страхования.
Шара барысында «СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Нуржан Алибаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу аясында ҚР Бірыңғай дистрибуциясы жүйесін дамыту стратегиясымен таныстырды.
«КазМедТех» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Чиникеев конференция қатысушыларын медициналық техниканы ірі өндірушілермен бірігіп медициналық ұйымдарды жабдықтаудың жаңа амалдары жасалғаны туралы ақпараттандырды. Соның ішінде құны 5 миллион теңгеден 100 миллион теңгеге дейін жететін медициналық техниканы денсаулық сақтау ұйымдары лизингке алуы қарастырылады.
Шараны қорытындылай келе төмендегі меморандумдарға қол қойылды:
- ҚР ДСжӘДМ мен «Ново Нордиск А/С» (Дания) компаниясының арасында денсаулық сақтау саласындағы тәжірибесі және білімімен алмасуды қарастыратын өзара түсіністік туралы меморандум.
- «СК–Фармация» ЖШС мен Түркияны дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Агенттігінің арасындағы дәрімен қамтамасыз ету саясаты саласындағы ынтымақтастықты, фармацевтикалық өнімді қабылдау жүйесін іске асыру, дәрімен қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің ерекшеліктері туралы ел аралық ақпарат алмасуды қарастыратын меморандум.
- «КазМедТех» АҚ мен «Philips» компаниясының ресейлік өкілдігінің арасында ҚР медициналық ұйымдарын заманауи медициналық құрал-сайманмен жабдықтауды дамытуға және медициналық құралдарға сервистік қызметті дамытуға бағытталған шараларды жүзеге асыруды қарастыратын өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум.
Дерек көзі: Қазақстандық фармацевтикалық жаршы