Депутаттар мен билік органдарының өкілдері VIVA Pharm компаниясына барып қайтты

Жаңалықтар

Депутаттар мен билік органдарының өкілдері VIVA Pharm компаниясына барып қайтты

6 қаңтар

Бүгін, 2017 жылдың 6 қаңтарында Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламентінің депутаты Г.И. Исимбаева мен О.В. Шишигина, сондай-ақ Алматы қаласының денсаулық сақтау Басқармасының жетекшісі В.И. Ахметов, ҚР ДСжӘДМ МжФҚБК Алматы қаласы бойынша Департаментінің Жетекшісі М.С. Үкібай, Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары, Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігінің жетекшілері және басқа да мемлекеттік басқару органдарының өкілдері «ВИВА ФАРМ» ЖШС өндірістік фармацевтикалық компаниясына барып қайтты. Қонақтар дәрі-дәрмектерді өндіру шарттарымен танысты, ал ұжыммен кездесуде республика халқына дәрі-дәрмекті жеткізу және халықты дәрімен қамтамасыз етудің ұзақ мерзімді келісімшарттарын жасаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламентінің Вице-спикері, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Исимбаева Гульмира Истайбековна «ВИВА ФАРМ» ЖШС Бас директоры Машкеев Батырбек Аукеновичті 2017 жылдың мамыр айына жоспарланған дәрімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша Парламенттік сағатқа шақырды. Мұндай конструктивті кездесулердің кәсіпкерлік үшін де, билік өкілдері үшін де пайдасы мол болмақ.

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть