Мәнсіз-мағынасыз өмірден айырылуды тоқтатамыз

Жаңалықтар

Мәнсіз-мағынасыз өмірден айырылуды тоқтатамыз

13 қыркүйек

Қатерлі өсінділер қатарының өсу мәселесі бүкіл әлем үшін өзекті болып келеді. Жыл сайын обыр 8 млн адамның өмірін қияды. Мұндай тенденция онкологиялық тәжірибеге науқастарды емдеудің неғұрлым жоғары технологиялық әдістерін, диагностиканы және медициналық-әлеуметтік оңалту әдістерін енгізуді талап етеді. Дәл осы мақсатта әлемнің жетекші онкологтары мен радиологтары Астана қаласында 5-7 қыркүйекте ТМД елдерінің онкологтары мен радиологтарының VII Съезінде бас қосты. Осы шарада ең жоғары деңгейде эксперттік диалог жүргізудің тиімді негізі жасалып, конструктивті тәжірибе алмасу және онкологиялық сырқатпен күреске бағытталған нақты шешімдер қабылданған болатын.

  

«ВИВАФАРМ» ЖШС біздің серіктестеріміз болып келетінбас пен мойынның рецидивті және/немесе метастазды жалпақ жасушалы обырына шалдыққан емделушілердің өміршеңдігін біршама ұлғайтуға, cондай-ақ тік және / немесе жиек ішек обырын емдеуге арналған Эрбитукс® (цетуксимаб) препаратымен шыққан"МеркСероно" компаниясы қатысқан болатын.

Съездің бірінші күнінің қорытындысында сателлитті симпозиум өтті, оны симпозиум деп айтудың өзі аздық етеді: онда бас пен мойын обырына шалдыққан науқастардың жан қиналысын жаңа бірегей форматта сезінуге болады. Кәсіпқой актерлер көрермендерге медициналық құпия мәні бар Senselessспектаклін ұсынды, оның қойылымыбас пен мойынды зерттеушілердің Еуропалық қоғамының, бас пен мойын ісіктері бойынша мамандардың Ресейлік серіктестерінің, бас пен мойын ісіктері бойынша Қазақстан мамандарының Ассоциациясының және «Мерк Сероно» компаниясының бастамасымен шығарылған және сырқат жайлы білімнің жеткіліксіздігінен өмірден мән-мағынасыз айырылуды қысқартуға бағытталған. Театр қойылымы онкологиялық ауруға шалдыққан бір науқастың сырқатының барлық сатысындағы (алғашқы консультациядан бастап диагноз қойып, одан әрі бүкіл емді қоса алғандағы) өмірін сипаттап, осы жолдың бүкіл қайғысын көрсетеді, бас пен мойын обырына шалдыққан адамның қалай өмір сүретінін терең түсінуге көмектеседі.

 

Қазіргі кезде осы ауруға қатысты халықтың сергектігінің жоқтығынан, сондай-ақ белгілерінің өзіне тән емес сипатынан, бас пен мойын обырына шалдыққан науқастардың көбіне диагноз соңғы сатыда ғана қойылып жатады, ол науқастың жағдайының нашарлауына әкеп соғады. Бас пен мойын обыры емделішулердің сыртқы келбеті мен күнделікті өміріне үлкен әсер етеді және қиын жүреді. Қосымша зерттеулердің нәтижелері науқастың сырқат жайлы жеткілікті білмейтіндігін және ақпараттанбағанын, сондай-ақ емделуші сырқат пен оны емдеуді тиімді түрде өткеруге қажеттімедициналық қызметкерлердің тарапынан уайымдау мен қолдауды қажет ететіндігін көрсеткен.

Спектакльді ұйымдастырушылар мен актерлер көрермендерді осы мәселедегі тәжірибесімен және оны қабылдауымен бөлісуге, адамдардың мән-мағынасыз дүниеден озуын азайту мақсатында шешім іздестіруге көмектесуге шақырды және қойылымды көргеннен кейін оларда сырқатқа қатысты білім деңгейін көтеруге, мамандардың хабардарлығын және бас пен мойын ісіктері бар емделушілерді қолдауға деген қосымша ынтасы пайда болар деген үміт білдірді. Сондай-ақ бұл бастама біздің бәрімізге – ықтимал емделушілерге пайда әкелуге бағытталған нақты әрекеттер мен нәтижелерге бастау болады деп үміттенеміз.

           

"Мерк Сероно" компаниясы ісік жасушаларына таңдаулы түрде әсер ететін дәрі-дәрмектермен емделушілерді қамтамасыз етуді өзіне мақсат етіп қойып, обырды емдеуге арналған су жаңа препараттарды жасаумен айналысады. Эрбитукс® (цетуксимаб) — обырдың таргетті терапиясына арналған  "Мерк Сероно Онкология" компаниясының алғашқы препараты – ASCO (клиникалық онкологияның Америкалық қоғамымен)2009-2011 жж. онкологиядағы жетістіктері үшін және соңғы 30 ішінде бас пен мойынның рецидивті және / немесе метастазды обырын 1-ші желіде емдеуде өміршеңдікті ұлғайтатын алғашқы препарат үшін мойындалған болатын. 1977 жылы құрамында платині бар химиялық препараттар пайда болғаннан кейінгі осындай науқастарды емдеуде жеткен алғашқы айтарлықтай жетістік (EXTREME зерттеуі).

Қазіргі заманғы зерттеушілер обырдың көптеген формаларының, әсіресе, калоректарльді және бас пен мойын обырының дамуында негізгі рөлді EGFR өсудің эпидермальді факторының рецепторлары атқарады.Эрбитукс® (цетуксимаб) EGFR жасушадан тыс домендерін байланыстырады, бастапқы сатыда обыср жасушаларының бөлінуін активтендіруге әкелетін реакциялардың ауыр тізбегін блоктайды.

Сөйтіп, патологиялық жасушалардың бітісу процесін тежеп, өзгертуші жасушалардың өзін өзі жоюын қоздыра отырып, көптеген дәріге тұрақтылықтың дамуының алдын алып, жасушадағы жаңа микро тамырлардың қалыптасуын тоқтатып ісіктің асқынуына және метастаздардың дамуына қажетті), обыр жасушаларының жойылуын тездететін жеке өзінің антиденелерін активтендіріп, Эрбитукс® ісіктің асқынуын бәсеңдетеді және стандартты терапияның тиімділігін біршама көтереді.

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть