Ревматикалық ауруларды диагностикалау және емдеудегі инновациялар

Жаңалықтар

Ревматикалық ауруларды диагностикалау және емдеудегі инновациялар

25 сәуір

Әлемдік медициналық қауымдастық ревматикалық аурулардың мәселесімен қапалануда, олар статистикаға сәйкес таралушылығымен және түрлілігімен ерекшелене отырып, «адамзаттың ауруларының рейтингісінде» алғашқы орындардың бірін иеленеді.​

Еуропаның жетекші мамандары-ревматологтарымен бірігіп ревматологиялық ауруларды емдеу және диагностикалаудың маңызды мәселелерін талқылау мүмкіндігі Алматы қаласында 23-24 сәуірде өткен «Ревматоидтық ауруларды диагностикалау және емдеудегі инновациялар» атты Ғылыми-тәжірибелік конференцияның қатысушыларына берілді. Шараға пленарлық отырыстар, құрметті спикерлердің дәрістері, Еуропадан келген жетекші мамандар қатысқан ревматоидтық ауруларды заманауи диагностикалау бойынша тәжірибелік мастер-класстар, сондай-ақ дөңгелек үстел енді.

Жүйелік қызыл жегі мен  қызыл жегі нефритін емдеу, препараттардың қауіпсіздік аспектілері, ревматологиялық ауруларды емдеудегі халықаралық ұсыныстар, ревматоидтық сырқаттарды глюкокортикоидті емдеудің қазіргі заманғы аспектілері, геномика және ревматоидті артриттің метаболомикасы және басқа сияқты өзекті тақырыптар қозғалды.





"ВИВА ФАРМ" компаниясы да конференцияға қатысып, суық тиюге, иммунді депрессивті және аллергияға қарсы әсер ететін "Метипред" (метилпреднизалон) глюкокортикоидті препаратын ұсынды, ол сондай-ақ көміртекті, ақуызды әсер береді, липидті алмасу, қабыну және тамырдың кеңу ошағында иммунді компетентті жасушалардың мөлшерін азайтады, лизосомалы мембрананы тұрақтандырады, простогландиндердің және лейкотриендердің өңделуін төмендетеді. Метилпреднизалонколлагеноздардың (сонымен қатар жүйелік қызыл жегінің, ревматоидті артриттің, серонегативті спондилоартриттің, Шегрен ауруының, дерматополимиозиттің), аллергиялық реакциялардың, анафилаксиялық шоктың, ауыр өтетін  бронхтық астманың, яойық жаралы колиттің, гломерулонефриттің, вирустық гепатиттің, экземаның және нейродермиттің, сондай-ақ лейкемия, лимфоме, миеломе, өкпенің қатерлі ісігі кезінде (цитостатиктермен бірге) және цитостаттық терапия салдарынан туындайтын лоқсу мен құсуды тоқтату кезіндегі емге арналған.

Осы өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияның қазақстандық ревматологтардың кәсіби деңгейін көтеру үшін және халыққа әлемдік стандарттарға сәйкес білікті көмек көрсетуде маңызы зор.
 

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть