Жаңалықтар
Шашыраңқы склерозбен ауыратын емделушілерді ұзақ уақыт бойы емдеуге бейімделудің мәселелері
28 наурыз28 наурызда Алматы қаласындағы «Орталық қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ МҚК шашыраңқы склерозды емдеу мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Шақырылған қонақ ретінде м.ғ.к. Хачанова Наталья Валерьевна (Н.И. Пирогов атындағы РҰЗМУ неврология, нейрохирургия және медициналық генетика кафедрасы; шашыраңқы склероздың Мәскеу қалалық орталығы) «Шашыраңқы склерозбен ауыратын емделушілерді ұзақ уақыт бойы емдеуге бейімделудің мәселелері» баяндамасымен сөз сөйледі.
ДДСҰ деректері бойынша неврологиялық аурулардың ішінде шашыраңқы склероз жас тұлғалардың мүгедектігінің негізгі себебі болып табылады. Ауру басталғанан 10 жылдан кейін науқастардың 30-37 %-ы бөтеннің көмегімен ғана жүріп-тұруы мүмкін, науқастардың 50%-ы кәсіби міндеттерін атқаруда өиындықтармен кездеседі, емделушілердің 80%-дан астамы жұмысын ауыстыруға мәжбүр. 15 жылдан соң науқастардың тек 50%-ы ғана жұмысқа қабілеттілігін сақтап, өзін-өзі күтіп, бөтеннің көмегінсіз еркін жүріп-тұра алады.
Шашыраңқы склерозды (ШС) ауруды түрлендіруші препараттарды қолдана отырып емдеу (ШСАӨП - ШС ағысын өзгертуші препараттар) рецидивтерді жиілігін азайтып, мүгедектіктің үдеуін тоқтата алады. Алайда емделушілердің ШСАӨП енгізу режимін сақтауын қадағалау оңай шаруа емес.
Еуропалық мамандар өткізген зерттеу нәтижесінде алынған деректер осы препараттарды енгізу режимін сақтамау табысты түрде емдеуге қауіп төндіретін кеңінен таралған белгілердің бірі болып табылатындығын көрсетті.
Емдеуге бейімделгіштік – бұл адамның мінез-құлқы сияқты (препаратты қабылдау, диетаны сақтау және / немесе өмір салтын өзгерту) медициналық маманның ұсыныстарына сәйкес келеді. Бейімделгіштікті жақсарту үшін сырқатқа дұрыс көзқарастыр қалыптастыратын мультидисциплиналы жәнекөп деңгейлі амалдар қажет.
Емделушілердің жайлылығы үшін Merck Serono компаниясы ИНФ бета-1а (Ребиф® Жаңа құрам) препаратының жаңа дәрілік формасын жасап шығарды. Ребифа® жаңа дәрілік формасы инъекцияға төзушілікті және иммунді генді сипаттамаларды жақсарту үшін өзгертілген. Өндіріс процесінен бір мезгілде эмбрионды бұқа іріткісі, ал дәрілік формадан адамның іріткі альбумині алынып тасталды. Сонымен қатар препарат алдын ала толтырылған Rebiject II™ (аутоинжектор) инеде де шығарыла бастады.
Препаратқа төзуді салыстырмалы зерттеу нәтижесінде Ребиф® жаңа дәрілік формасының инъекциясының орнындағы реакция жиілгі 3 есеге аз болған.
Сондай-ақ Наталья Валерьевна емдеудің психологиялық себептеріне де назар аударды. Олар: медициналық қызметкерлермен өзара қарым-қатынастағы қиындықтар, сырқат туралы білімнің жеткіліксіздігі, неврологиялық тапшылық, эмициялық дистресс, когнитивті бұзылулар. Емделушінің сырқат туралы пікірі мен ол жайлы білімі оның сырқатқа қатысты қатынасын анықтайды.