Жаңалықтар
ҚР ДСМ делегациясы "ВИВА ФАРМ" өндірістік теліміне барып қайтты
21 шілдеҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігімен 2014 жылдың 18 шілдесінде отандық фармацевтикалық өндірістің бірнеше өндірістік жобасына бару ұйымдастырылған болатын.
Денсаулық сақтаудың облыстық және қалалық Басқармаларының жетекшілерінен, ҚР ДСМ «СК-Фармация» Бірыңғай дистрибьюторының жетекшісінен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен, «Дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптаудың Ұлттық орталығының» сарапшыларынан, сондай-ақ өкілдерден құралған ҚР ДСМ Жауапты хатшысы С.Р. Мусинов бастаған делегация «ВИВА ФАРМ» компаниясының зауытына да келді. Бұл күн, әлбетте, біздің компаниямыздың тарихина енбек. Мұндай кездесулер әрдайым, конструктивті әрі нәтижелі болып тұрадыдеп үміттенеміз.
Сондай-ақ бұл күні «Дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптаудың Ұлттық орталығы» ШЖҚ РМКбазасында отандық өндірушілерді қолдау, ТМККК аясында дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу, өндіріске GMP халықаралық стандарттарын енгізу мәселелері бойынша жиналыс өтті. Сөйтіп, дәрі-дәрмектер айналымы саласындағы барлық қатысушылардыосы салада өткізілетін өзгерістерді талқылауға тарту халықты төмен бағадағы сапалы, қауіпсіздәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ол болса өз кезегінде, Қазақстанға дәрілік қамтамасыз ету саласында импортқа тәуелділіктен арылуға көмектеседі.