Жаңалықтар
Сепсис кезінде және цитомегаловирусті індетке иммунді терапия
26 ақпан2015 жылдың 25-26 ақпанында Астана және Алматы қалаларында аталған қалалардың денсаулық сақтау Басқармаларының қолдауымен қалалық балалар ауруханасы базасында «Неонатологиямен педиатриядағы иммундік терапия» тақырыбына дәрігерлерге арналған оқыту семинары өтті.
Семинарлар «ВИВА ФАРМ» ЖШС Biotest AG (Германия)компаниясымен біріге отырып ұйымдастырылған.
Баяндаманы жергілікті мамандармен қатар шетелдік әріптестер де оқыды: ҚР ДСМ бас штаттан тыс неонатологы, м.ғ.к. Жубанышева К.Б. (Астана), Қазақ МҮББУ неонатология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Аубакирова А.К. (Алматы), ДКББРМА инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі, клиникалық химиялық терапевтері мен микробиологтары Альянсы төрағасының орынбасары, профессор Белобородов В.Б., (Ресей), сондай-ақ Биотест компаниясының қарқынды емдеу бөлімінің меңгерушісі, И.Ворингер (Германия).
Өткен ғылыми-білім беру шараларына шамамен 150 қазақстандық неонатолог және педиатр дәрігерлері қатысты, олардың халықаралық зерттеу қорытындыларымен танысу және сепсис пен цитомегаловирустік инфекцияны емдеуде иммунді глобулиндерді тәжірибеде қолдануға мүмкіндігі болды.
Сепсис пен цитомегаловирустік инфекция кезінде иммунді глобулиндерді адекватты емдеуді пайдалану қажеттігін халықаралық деңгейде түсіну жуырда ғана пайда болды. Осыған орай, қазақстандық дәрігерлердің заманауи ақпаратты тікелей жетекші мамандардан уақтылы алу мүмкіндігі бар.
Дәрілік зат: Пентаглобин® және НеоЦитотект®, Биотест (Германия) компаниясының өндірісі, «ВИВА ФАРМ» ЖШС оны Қазақстанның фармацевтикалық нарығына ұсынды, Еуропада сепсис пен цитомегаловирустік инфекцияны емдеу үшін иммунді терапияда таңдалатын препарат ретінде қолданылады. Сөйтіп, білім беру белсенділігі мен жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтасу арқылы «ВИВА ФАРМ» ЖШС емдеу тиімділігін көтерумен қоса, мемлекеттік бюджет шығындарын оңтайландыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасында өлім көрсеткішін толықтай азайтуға үлес қосады.