Жаңалықтар
«Алматы - 2015 үздік дәрішісі»
12 маусым«ВИВА ФАРМ» ЖШС өндірістік телімінің өндірістік бөлімінің басшысы, біздің қызметкеріміз Кадырбай Аршын «Алматы қаласының – 2015 үздік дәрішісі» жарысында 2-ші орынды иемденді.
Жарыс ҚР ДСжӘДМ медициналық және фармацевтикалық қызметін бақылау Комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің қолдауымен «Медициналық қызметкер күні» халықаралық кәсіби мейрамы қарсаңында өтті.
Жарысқа фармацевтикалық саланың түрлі кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Конкурсқа қатысушыларды бағалау кезіндегі негізгі критерийлер: кәсіби тәжірибе, жұмыс өтілі, кәсіби білім беру деңгейі, оқу дәрежесінің болуы, кәсіби баспа басылымдарындағы негізгі қорытындыларлың ғылыми еңбектері және жарияларымдары. Жарыс жеңімпаздары ҚР ДСжӘДМ құрмет грамотасымен және құнды сыйлықтармен марапатталды. Әріптесімізді және барлық медициналық қызметкерлер мен дәрішілерді алдағы мерекесімен құттықтаймыз!