8 мг және 16 мг мөлшеріндегі «Кандесартан Вива Фарм» препараты тіркелді

Жаңалықтар

8 мг және 16 мг мөлшеріндегі «Кандесартан Вива Фарм» препараты тіркелді

3 ақпан

3 ақпанда VIVA Pharm компаниясы 8 мг (№ ҚР-ДЗ-3№022747) және 16 мг (№ ҚР-ДЗ-3№022748) мөлшеріндегі «Кандесартан Вива Фарм» препаратына тіркеу куәлігін алды.

«Кандесартан Вива Фарм» II 1 типтік ангитензин рецепторларының селективтік антагонисті (АТ1-рецепторлар) болып табылады, оның артериалды гипертонияны емдеу мен оның асқыну қаупін төмендетудегі  клиникалық тиімділігі мен артықшылығы бірнеше рет дәлелденді.

Препарат артериалдыгипертензияда, созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде өлім-жітімді, ауруханаға жатқызуды азайту үшін қолдануға ұсынылған. Ол монотерапияда, сондай-ақ басқа гипертензияға қарсы препараттармен комбинацияда қолданылуы мүмкін. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен (СЖЖ) ауыратын және сол жақ қарыншаның нашар систолалық қызметіне (СҚНҚ<40%) ие науқастардың Кандерсартанды қабылдауы жалпы перифериялық тамыр кедергісін және өкпедегі капиллярлық қысымды түсіруге, рениннің белсенділігін арттыруға және ІІ ангиотензиннің плазмадағы концентрациясына, сондай-ақ альдостерон деңгейін түсіруге ықпал етеді. 

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть