«Сұйық биопсия» - қатерлі ісікпен күрес жолындағы жаңа сөз

Жаңалықтар

«Сұйық биопсия» - қатерлі ісікпен күрес жолындағы жаңа сөз

28 сәуір

27-28 сәуірде Алматыда Қазақстан Республикасы онкологтары мен радиологтарының VI Съезді өтті, мұндағы басты мәселелер мыналар: қатерлі өскін диагностикасы, оған ісіктер патологиясы да кіреді; ерте анықтау үшін скринингтен өту; дербестендірілген емнің инновациялық әдістері; сәулемен емдеудің жоғары технологиялық әдістері және қазіргі хирургияның жетістіктері. Сондай-ақ трансплантология, нейроонкология, психикалық-әлеуметтік көмек мәселелері қарастырылды және патоморфологиялық және молекулярлық-генетикалық зертханаға мүмкіндіктер жасалды.

ҚР ДСМ Қазақ онкология мен радиология ҒЗИ-ның директоры Диляра Қайдарованың және VIVA Pharm әріптесі Merck компаниясының Вице-президенті, Интерконтинентальді аймақ басшысы Яннис Влонтзостың атынан Қазақстан Республикасының шекарасында онкологиялық аурулармен күрес саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қоюы съездің негізгі сәтіне айналды. Аталған келісімнің аясында Қаз ОмР ҒЗИ-на бірегей зертханалық жабдық жинағы ақысыз қолдануға берілді, бұл Қазақстанға, посткеңестік елге алғаш рет молекулярлық диагностиканың жаңа инновациялық әдісі RAS маркерлерін — «сұйық биопсияны» енгізуге мүмкіндік береді.

Емделу барысы мен оның сапасы да уақтылы және сапалы жүргізілген диагностикаға байланысты. Жеделдік (нәтижені алу уақыты шамамен 2 сағат), ең төмен инвазивтілік және сұйық биопсияны жүргізу қарапайымдылығы метастаздалған колоректальді обырға шалдыққан науқастарға таргеттік емді тағайындауға қатысты уақтылы шешім қабылдауға септігін тигізеді, ал емге кететін алтын уақытымызды сақтап қаламыз. Бұрындары науқастар өз диагнозын 10-15 күн күтетін.

VIVA Pharm компаниясы серіктестікте жұмыс істеу мүмкіндігін жоғары бағалайды және қазақстандық науқастардың өмірін ұзарту жұмысына өз үлесін қосуға және онкологиялық көмек барынша  қолжетімді әрі білікті түрде көрсетілуі үшін еліміздің барлық өңіріне жоғары медициналық технологияларды енгізуге әзір.

















 

 

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть