Жаңалықтар
Харвони® препараты Қазақстан Республикасының аумағында айналымға түсті
26 қазанҚұрметті емделушілер мен медицина саласының қызметкерлері, біз Харвони® препаратының (ҚР-ДЗ-5№022460 02.11.2016 ж.) Қазақстан Республикасының аумағында айналымға түскенін және С гепатитін емдеу үшін емделушілерге қолжетімді болғанын сіздерге қуана хабарлаймыз.
"ВИВА Фарм" ЖШС – америкалық биофармацевтикалық компания, инновациялық дәрілік препараттарды әзірлеуші әрі өндіруші Gilead Sciences Inc. компаниясының ресми өкілі, ол АИТВ, В гепатиті мен С гепатитін емдеуде қолданылатын вирусқа қарсы препараттарға ерекше назар аударады (оның ішінде Виреад®, Трувада®, Харвони® и Совальди®).
Харвони® (софосбувир/ледипасвир)* – 1 генотипті С (ВГС) созылмалы вирустық гепатитін емдеуге арналған таблеткалар түрінде шығарылатын біріктірілген препарат. Харвони® препаратымен емдеу схемасы гепатитті емдеу үшін FDA мақұлдаған интерферонды немесе рибавиринді қабылдауды қажет етпейді.
*Препарат тек дәрігердің рецепті бойынша босатылады.