Жаңалықтар
Артериялы гипертензия мен жүректің ишемиялық ауруын емдеуге арналған жоғары іріктемелі бета-адреноблокатор
30 мамырҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметін бақылау Комитетінің төрағасының бұйрығымен жүрек-тамыр жүйесінің ауруларын емдеуге арналған таблеткалы № 30, үлдірлі қаптамамен қапталған 2,5 мг, 5 мг және 10 мгБисопролол ВИВА ФАРМ жаңа дәрілік препараты тіркелген. Тіркеу куәліктерінің нөмірлері: ҚР-ДД-5№022196, ҚР-ДД-5№022197 жәнеҚР-ДД-5№022198, сәйкесінше. Бисопролол денсаулық сақтаудың негізгі жүйесіне қажетті «ДДСҰ маңызды дәрілер тізіміне» енеді және қазіргі кезде заманауи отандық өндіруші «ВИВА ФАРМ» ЖШС шығарылады.