Жаңалықтар

IQVIA 2023 жылы Viva farm компаниясының жетістіктерін атап өтті
5 қазан2023 жылғы 4 қазанда Алматы қаласында дәстүрлі түрде Қазақстанның фармацевтикалық индустриясының көшбасшыларының басын қосатын IQVIA Partners Day іс-шарасы өтті. ВИВА ФАРМ компаниясы әдеттегідей осы шараға белсене қатысады.
Кездесуде Қазақстан мен ТМД елдерінің фармацевтикалық нарығының үрдістері мен дамуы, нарықпен өзара іс-қимылдың әртүрлі кезеңдеріндегі фармацевтикалық индустрия ұйымдарының жұмысына мониторинг жүргізу саласындағы заманауи тәсілдер мен шешімдер мәселелері талқыланды.
Компания үшін тағы бір маңызды оқиға 2023 жылғы жетістіктерді мойындау болды: ВИВА ФАРМ МАТ’08 2023 кезеңіндегі қаржылық жетістіктердің нәтижелері бойынша брендтелген генериктерді өндірушілер арасында №3 компания ретінде танылды.
Бұл компаниядағы баршасы үшін, өндіріс қызметкерлері, сату және маркетинг қызметкерлері үшін үлкен жетістік.
Біз өз клиенттеріміз бен серіктестеріміз үшін жасағанымызды мақтан тұтамыз!