Денсаулыққа ортақ жауапкершілік

Жаңалықтар

Денсаулыққа ортақ жауапкершілік

18 қазан

Қазақстанда бас пен мойын обырын ерте диагностикалаудың ІІ Еуропалық аптасы аяқталды. Қазақстанның Алматы, Қарағанды, Өскемен және Астана сияқты төрт қаласында өткен бұл әлеуметтік маңызды кампания екі сатыда өткен болатын.

Бірінші саты аясында 530 тіс дәрігері, ЛОР-дәрігерлері мен онкологтар Ресей мен Қазақстанның жетекші маманларынан білім алды. Сөйтіп, мысалы, тек  Алматыда ғана 108 маман біліктілігін көтеріп, Қарағандыда 123 адам, Өскеменде 180 маман, Астанада 119 дәрігер оқыту семинарына қатысты.

Екінші саты аясында 1 тамыздан бастап 23 қыркүйекке дейін «жедел желі) (8-800-080-5058) телефоны жұмыс істеді, соның арқасында мамандардың тегін қабылдауына 2 000-нан астам адам жазылды. Қазақстанның төрт қаласының тұрғыны Қазақстанда өткізілетін бас пен мойын обырын ерте диагностикалаудың Еуропалық аптасы жайлы масштабты ақпараттық кампания арқылы біле алды. Алматыда, Қарағандыда, Өскеменде және Астанада пресс-конференциялар өткізілді, олардың қорытындылары бойынша 40 республикалық және өңірлік БАҚ, сондай-ақ ғаламтор-сайттарда және әлеуметтік желілерде «жедел желі» телефонының нөмірі көрсетілген мақала жарияланған болатын.

«Қазақстан 2015 жылы бас мен мойынды зерттеушілердің Еуропалық қоғамына (European Head and Neck Society, EHNS) мүше болды». Бұл кәсіби ұйымның мақсаты бас пен мойынның онкологиялық ауруларын зерттеу болып табылады. Ол 2006 жылы құрылып, бүкіл әлеммен мойындалған еді. Қазақстанда бас пен мойын обырын ерте диагностикалаудың Еуропалық аптасын өткізу 2016-2019 жж. «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес келеді. Ерте диагностикалау аптасының мақсаты – аралас мамандықты дәрігерлерде онкологиялық сақтықты және сырқаттың ерте белгілері анықталған жағдайда белгілі бір әрекеттер алгоритмін  қалыптастыру, сондай-ақ халық арасында өзінің денсаулығына деген ортақ жауапкершілікті көтеру және онкологияны соңғы сатыларда емдегеннен гөрі оның алдын алу жөн екенін түсіндіру болып табылады», - деді Қазақ ОжР ҒЗИ директоры, медицина ғылымдарының докторы Диляра Кайдарова.

Үш ай бойы Қазақстанның емханаларында бас пен мойын обырын ерте диагностикалаудың Еуропалық аптасы жайлы әлеуметтік роликтер мен кеңейтілген сюжеттер көрсетілді. Әлеуметтік роликтер «Алматы» СК эфирінде көрсетіліп, Алматы қаласы метрополитенінің станцияларына таратылған болатын. Алматы және Астана қалаларының орталығында адам көп жиналған көшелердің қиылысында ақпараттық қалқан орналастырылды. Миллионға жуық тұрғын «Жедел желі» телефонының нөмірі көрсетілген және тегін тексеруден өтуге шақыртуы бар sms- және e-mail-хабарлама алды. Около полумиллиона жителей получили sms- и e-mail-уведомления с указанием телефона «горячей  линии» и приглашением пройти бесплатный осмотр.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 19-нан 23-не дейін 1 335 емделуші дәрігер-онколог,оториноларинголог жәнетіс дәрігерінен құралған мультипәндік мамандар командасының тексеруінен өтті. Диагностиканың келтірілген күндері барысында 100-ден астам адам қатерлі жаңа өсінділер бар деген қауіппен қосымша тексеруге жіберілді. 145-тен астам адамда қатерсіз жаңа өсінділер, созылмалы және обыр алды сырқаттары анықталған. Тексеруден өткен бүкіл емделушілер мамандардан толық ақпарат пен ақпараттық материал алды.

Бас пен мойын обыры әлемдегі қатерлі жаңа өсінділердің арасында таралуы бойынша 6-шы орынды алады. Хирургиялық, химиялық, радио- және таргетті емдеудің тиімді әдістеріне қарамастан, диагноз қойылғаннан кейінгі бірінші жылы науқастардың қайтыс болуының көрсеткіші 50%-ға жетеді. Бас пен мойын обыры көбінесе соңғы сатыларында ғана сырқат қатты асқынған кезде анықталады. Диагноз қаншалықты ерте қойылып, адекватты терапия тағайындалса, науқастың сауығып кетуінің мүмкіндігі де соншалықты жоғары. Өмірді сақтап қалу үшін әрбір күн маңызды десек артық айтпаспыз!

Бас пен мойын обырын ерте диагностикалаудың Еуропалық аптасы емделушілердің қауіпті сырқатты анықтауға және азаматтар тарапынан өз денсаулығына мұқият назар аударуы уақтылы тексерілудің маңыздылығын көрсетіп берді.

«Мұндай науқандар бәрімізге сырқатты асқындырып, ал дәрігерлерге – оны байқамай қалуды еске салуға мүмкіндік береді», - деді Ростов ғылыми-зерттеу онкологиялық институтының бас пен мойын ісіктері бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Марина Енгибарян. –Терапевттер, отоларингологтар мен тіс дәрігері арасында онкологиялық қырағылықтың төмендеуі науқастардың тиісті емді қабылдамауына, кей жағдайларда ісіктің өсуін тездететін әдістерге тап болуына – жылу әсерінің, физиотерапияның алуын түріне әкеледі. Оның себебі онкологтардың басқа мамандарменкәсіби байланыс орната алмауы болып табылады. Сырқатқа шыдап, ауру өз бетімен қайтып кетеді деп айлар бойы, жылдар бойы дәрігерге қаралмайтын емделушілер де бар.

Халықты бас пен мойын обырының белгілері мен нышандары жайлы ақпараттандыру деңгейін көтеруге және ерте диагностиканы дамытуға қыруар еңбек етуіміз керек. Бүкіл осы шаралардың соңғы мақсаты өмірді сақтап қалу болып табылады. Бұл әлеуметтік маңызы бар жоба «Мерк» компаниясының ақпараттық қолдауымен өтті.


Қазақстанда жыл сайын бас пен мойынның ісікті зақымдалуының шамамен 1 700 жағдайы анықталып отырады. Көптеген жағдайларда бұл емделушілердің сырқаты асқынған, III-IV сатыда болып жатады. Мұндай оқшауландырулардың обырын емдеу – әдетте, мүгедектікке әкелетін және емделушілердің өмірінің сапасын айтарлықтай төмендететін ауыр хирургиялық оталар болып табылады.

Қазақстанда Бас пен мойын обырын ерте диагностикалаудың аптасыEHNS (European Head and Neck Society, EHNS), ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының қамқоршылығымен, Мерк компаниясы (Германия) және «ВИВА Фарм» ЖШС (Алматы қ.) қолдауымен екінші рет өтіп отыр.

Мемлекеттік басқару органы ретіндегі Министрліктің мақсаты онкологиялық аурулармен күреске бағытталған: ерте диагностикалаудың және алдын алудың мәселелеріне назар аудару, жаңа медициналық технологияларды енгізу, дәлелді тиімділігі бар дәрі-дәрмектерді сатып алу. Бірақ бұл шаралардың бәрі емделушінің өз денсаулығына деген жауапкершілігін көтермесе, тиімсіз болады. Сондықтан бағдарламамен ортақ жауапкершілік қарастырылған. Республиканың онкологиялық қызметі біршама оңтайландырылған, оның үйлестіруші, ғылыми және әдістемелік орталығы ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты болып табылады», - деп көрсетті Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой.

Бас пен мойын обырын ерте диагностикалаудың Еуропалық аптасын өткізу елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге арналған халық денсаулығын нығайтуға бағытталған 2016-2019 жж. «Денсаулық» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес келеді.

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть