Бас директор Б.А. Машкеевтің сұхбаты

Жаңалықтар

Бас директор Б.А. Машкеевтің сұхбаты

15 қаңтар

1997 жылы негізі қаланған қазақстандық фармацевтикалық компания "ВИВА ФАРМ" ЖШС ҚР ірі фармацевтикалық дистрибьюторларының ондығына енеді. Компания айтарлықтай табысқа дамудың нақты стратегиясының және қызметкерлерінің жоғары кәсіпқойлығының арқасында жетті. Бүгінгі таңда бұл компанияны шын мәнінде Қазақстан нарығына дәрі-дәрмектерді енгізудің орталығы деп атауға болады, себебі құрылғаннан бері "ВИВА ФАРМ" қызметінің негізгі төрт түрін дамытты. Компания тарихындағы табысты лончтар жайлы және оның құрылымы туралы бізге бас директоры Батырбек Машкеев баяндап берді.

- Компанияңыздың негізгі қызметі жайлы айтып берсеңіз.

- Компания Қазақстан нарығына жаңа препараттарды өткізу, енгізу және тарату мақсатында жобаланған болатын. "ВИВА ФАРМ" тарихындағы ең көрнекті лончтардың бірі ретінде онкология, АИВ/ЖИТБ және кардиология саласындағы Bristol-Myers Squibb компаниясының өнімімен, әсіресе, Моноприл препаратымен жасалған жұмысты айта аламын. Бұл жоғары сапалы ДД мемлекеттік амбулаторлық дәрімен қамтамасыз ету жүйесіне енгізілген болатын, соның арқасында препарат науқастарға қолжетімді болды. Емделушілер Моноприлді 50% өтеумен алып отырды. Одан кейін ММЕ (нарықтың рецептісіз сегменті) суық тиюге қарсы «Фервекс»препаратын көшбасшы орынға шығардық, ал біздің «Упсарин» Қазақстан аумағында ең жақсы сатылатын аспиринге айналды. Препараттарды өткізудегібіздің бай тәжірибеміз американдық Эббот компаниясының қызығушылығын тудырған болатын, сөйтіп, біз эксклюзивті контрактқа қол қойдық. Ұзақ жылдар бойы осы фирманың препараттарын табысты түрде өткізіп келдік. Команданың білімі мен дағдысының арқасында арқасында Қазақстанда жақсы сатылатын препараттардың ондығына енген «Гептрал» препаратыбіздің серіктестігіміздің дәлелі болып табылады.

- Сіздер жұмыс істегіңіз келетін өнім мен бағытты іріктеу қалай жүреді?

- Біз әрдайым әлемдік тенденцияларды, жаңа енгізілген препараттарды, медициналық мақсаттағы препараттар мен бұйымдардың қайсысы кеңінен қолданылатынын және емделушілердің өмір сапасын жақсартатынын байқап отыруға тырысамыз.  Медициналық мақсаттағы осындай жақсы бір мысалды Еуропадан көріп қалдым және де ол Балтық маңындағы елдерде қолданылатынын жақсы білемін. Стомирленген науқастарға, соның ішінде нәжіс қабылдағыштарға арналған бұйымдарды сатып алу және пайдалануға кететін шығындар мемлекет есебінен жабылады. Біз осындай өнім шығаратын еуропалық өндірушілерді іздестіре бастадық, сөйтіп, Convatec компаниясын тауып, онымен келіссөздер жүргіздік. Осы өнімді нарыққа шығарып, тіркедік және амбулаторлық науқастарды қамтамасыз ету бойынша сатып алу үшін облыс деңгейінде ұсындық. Нәтижесінде Денсаулық сақтау Министрлігі осы өнімді онкологиялық науқастарға арнап сатып алу туралы шешім қабылдады. Басқаша айтқанда, Еуропадан өнімді тауып, оны тіркеп, елге жеткіздік те, емделушіге ұсындық.

- Компания тарихындадәрі-дәрмектерді нарыққа шығарудың  тағы қандай жарқын мысалдарыесіңізде?

- Біз ТМД елдерінің нарығына ДД енгізу саласында көшбасшы болып табылатын Дельта Медикел Украина компаниясымен серіктеспіз және Қазақстан мен Қырғызстан үшін жауап береміз. Бүгінгі күні Дельта Медикел арқылы Mentholatum, URGO, UPSA, Molteni, Vitaboitics, Biogaya сияқты өндірушілерді табысты түрде ұсынып келеміз.

Ең жарқын мысалдардың бірі-биотехнологияның соңғы жетістіктеріне негізделген жаңа зерттемелер саласында көшбасшы болып табылатын GENZYME Corporation (Кэмбридж, Массачусетс, АҚШ) компаниясымен серістестік орнатқанымыз болып келеді. Бұл жетістіктер  емдеуге, генетикалық диагностикаға, тінді алмастыруға арналған жасушалы терапияға, сондай-ақ биохирургия мен биотехнологияға компаниямен табысты түрде енгізіліп отыр. Компанияның негізгі стратегиясы сирек кездесетін генетикалық ауруларды, әсіресе, жинақталатын лизасомалы ауруларды емдеуге арналған дәрілік препараттар мен технологияларды жасау болып табылады. Бұл сегменттегі шешуші түсініктер rare disease ("сирек кездесетін ауру") және  orphan drug ("жетім-дәрі") болып табылады.

- Сирек кездесетін ауру дегеніміз не?

- Бұл белгілі бір жиілікте кездесетін, өмірге қауіпті немесе созылмалы үдемелі, емдемеген жағдайда науқастың өліміне немесе мүгедектікке ұшырауын әкелетін сырқат. Сырқатты сирек кездесетіндер қатарына жатқызу әр елде әр түрлі және ел халқының 1:1500-ден 1:2500 арасында болады. Бәлкім, ол адамдардың әлемдік популяциясының 6-8%-на қатысты болса керек. Сырқаттың оғаштығы да сол, өзі сирек болғанымен, оған шалдыққан емделушілер саны көп.

Бұл препараттарды қолдану науқастарға осы өмірді сүруге, әлеуметтік белсенді болуға және мемлекетке кіріс әкелуге мүмкіндік береді.

Біз GENZYME компаниясымен науқастарды іздестіру бойынша тіркеу алды жұмыстарын жүргізу келісімшартына қол қойдық, бұл препараттарды Денсаулық сақтау Министрлігінде тіркедік және қазір осы препараттарды амбулаторлық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бағдарламасына енгізу үшін жұмыс жасап жатырмыз. Қазір өңірлер деңгейінде бұл препарат сатып алынуда, бірақ әрдайым қажетті көлемге жете бермейді.

- Сіздердің компанияларыңыздың басқа компаниялардан айырмашылығы неде?

- Біздің компаниямыздың артықшылығы біздің құрылымымызда, компания құрамында "Нарыққа шығару және тіркеу ", "Өткізу және маркетинг", "Кедендік қойма және дистрибьюция", "ДД өндірісі" сияқты бөлімдер бар. Менің пікірімше, табыс бүкіл бөлімдердің нақты өзара әрекеттесушілігінде. Біздің компаниямыздың мықтылығы түрлі бөлімдердің арасындағы міндеттер мен жауапкершіліктің анық бөлінуі болып табылады. Айтылғандарды анықтап берейін.

Істің бәрі Business development Projects Manager (бизнесті дамыту менеджері) басталады – бұл талдаушы-маркетолог, оның негізгі міндеті – нарықты зерттеу бойынша жобаларды, оның тенденцияларын басқару және бизнесті одан әрі дамыту мүмкіндіктерін анықтау. Оның міндетіне келесілер жатады: серіктестермен келісімшарттарды әзірлеу және келісу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, ықтимал серіктестермен келіссөздер жүргізу, компания портфеліне сатуға арналған өнімдерді тартумен байланысты жобаларды басқару. Бұл менеджердің негізгі қасиеті – ол талдау мен болжаудағы дағдылары. Оның міндетіне нарықты зерттеу мен талдауға негізделетінөнімді орналастыру, баға жасау, шығындарды өтеу, іске қосу бойынша премаркетинг және жоспарлар, өнімнің өмірлік циклін анықтауды қоса алғандағы ақпараттық бағдарламаларды коммерциялаудың жоспарларын жасау енеді.

Енгізу бойынша келіссөздер жасала салысымен, осы препаратты Қазақстанда тіркеу туралы келісімшарт жасалады. Осы сатыда бес кәсіпқой менеджер жұмыс істейтін біздің Реттегіштік қолдау Департаменті іске кіріседі. Осымен бір мезгілде олар шамамен 80 препаратты бірге жүргізеді. Көптеген компаниялардан сапалы және жедел жұмысымыз үшін берген алғыс хаттары бар. Мұның өзі табыстың бір түрі. Дәрі-дәрмектерді сараптаудың Ұлттық Орталығының білікті қызметкерлерінсіз жұмыс осыншалықты табысты болмайтынын атап өту керек.

Реттегіштік қолдау Департаменті дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдарды, медициналық құрал-жабдықтарды, ББҚ Қазақстанда, Қырғызстанда және Әзірбайжанда мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады. Оған қоса, бұл бөлім өнімді әкелу және әкету кезінде медициналық өнімдердің заңнаманың фармация саласындағы жергілікті талаптарына сәйкес келуі бойынша коммерция және логистика Департаментіне реттегіштік қолдау көрсетеді. Сондай-ақ бұл департамент ДД кері әсерлеріне фармакоқадағалау және мониторинг жасауға жауапты және компаниямыздың қызметкерлеріне дәрі-дәрмектердің айналымын реттейтін нормативтік базаның мәселелері бойынша кеңес береді.

Реттегіштік қолдау Департаментіміздің директорының «Маркетинг тіркеуден басталады» деген қанатты сөзі бар, иә, біліп отырғаныңыздай, енді маркетинг Департаменті жайлы айтқалы отырмын.

Біздің компаниямыздың басқа дистрибьюторлық компаниялардан айырмашылығы 40 адамнан тұратын маркетингтің білікті командасы.

Жұмыс барысында біз маркетинг Лестер Вундерманның нақты ұстанымының бірін басшылыққа аламыз, біз үшін маркетингтің «қаһарманы» Өнім емес, Клиент болып табылады. Маркетинг бөлімінің қызметкерлерінің бүкіл жұмысы жалғыз бір мақсатқа бағынады – ол сату деңгейінің өсуін қамтамасыз ету және кіріс алу үшін шығындарды оңтайландыру.

Маркетинг Департаментінің міндетіне келесілер жатады:

- нарықты және бәсекеге қабілетті ортаны талдау;
- компания портфелін талдау және басқару;
- маркетингілік кешенді өңдеу (5Р);
- маркетингілік жоспарларды құру, бақылау және іске асыру;
- өнімге қатысты корпоративтік идеологияны (брендинг) құру;
- ұзақ және орта мерзімді талдау және әрекеттерді жоспарлау;
- сатуды қамтамасыз ету.

Өнім лончының келесі сатысында коммерция және дистрибуция Департаменті іске қосылады, оның шапшаңдығы мен нақтылығынан біздің препараттарымыздың мемлекеттік сатып алушы «СК-Фармацияға», емдік мекемелерге, дәріханаларға жеткізілуі  тікелей байланысты.

Коммерциялық бөлімнің жұмысы – бұл:
- «Вива Фарм» жұмыс істейтін барлық өңірлерде препараттың болуын қамтамасыз ету;
- қажетті және жеткілікті тауар қорын құру және қолдау жұмысы;
- жеткізу және өндіруді жоспарлау.  

Дәл осы ұжымның жұмысына көп нәрсе бағынышты екенін атап өткім келеді. Мысалы, соңғы жылдары әлемде тасымалдау, сақтау және айналымға енгізу кезінде ерекше температуралық режимді қажет ететін дәрі-дәрмектердің саны артуда. Олардың көп бөлігі сақталуы +2-ден +8 градусқа дейінгі айтарлықтай аз интервалды талап ететінбиологиялық препараттардан тұрады. Қазіргі кезде қолданылатын вакциналартасымалдау және сақтау кезіндебелгілі бір температураның қатаң сақталуын талап етеді, оларды бұзу вакциналардың иммуногенді белсенділігінің жартылай немесе толықтай жоғалуына әкеледі, ол, әлбетте, иммунизациялаудың тиімділігі мен халықтың екпеге қатысты сеніміне нұқсан келтіреді. Соңғы тұтынушыға жететін өнімнің тиімділігі де, қауіпсіздігі де қоршаған ортаның әсеріне тікелей байланысты. Сондықтан температуралық режимге қатысты талаптарды біз тасымалдау және қоймада сақтау сатыларында мүлтіксіз орындаймыз. Бізде арнайы оқытылған мамандар, тоңазытқыш құралы, қажетті температуралық шарттарды сақтаудың бақылау механизмі толықтай бар.

Сөйтіп, міне, лицензия негізінде (06.05.2006 жылғы №0000026) әрекет ететін Кедендік қойманың жұмыс мезанизмінің сипаттамасына да келіп жеттік.

Қойма аумағында күзетілетін автокөлік тұрағы, сондай-ақ қалалық көлік жол айырығын айналып өтіп, тауарды жеткізуге мүмкіндік беретін орамды  айналма автотрассалардан ірі тонналы автокөлік құралына арналған қоймаға кіретін ыңғайлы жолдар бар. «ВИВА ФАРМ» ЖШС кедендік операциялар кезінде төмен тәуекелмен өтетін компания мәртебесіне ие, бұл атақ Алматы қаласының кедендік бақылау Департаментімен берілген.

Жеткізілген тауарларды кедендік қойма мәртебесі бар арнайы ғимараттарда немесе орындарда кедендік бақылауда сақтауға арналған кедендік режим қауіпсіздік талаптарын қоспағандағы кедендік баждарды, салықтарды және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай-ақ тауардың толық ассортиментін алуға, оған қоса тауарды кедендік тазалау кезінде алынатын ақша қаражаттарын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Кедендік қойма алаңы 1 000 кв. м. астам; 
Қоймалар жабық типті, жылынады; 

Бір мезгілде 800 еуропаллетті сақтауды қамтамасыз етеді:
Қойма ағынды-сорғылы желдетумен, климат бақылауды ұстап тұратын ауаны тазарту жүйесімен жабдықталған;
Қоймадағы температуралық бақылау электртермогигрографпен жүргізіледі;
Шыбын-шіркейден қорғау үшін қоймаға тәулік бойы жұмыс істейтін электрлік қақпан қойылған;
Жүкті стеллаждарға көтеру электрштабелермен жүргізіледі;
Қойма ішінде жүк түпқоймаға арналған арбалармен тасымалданады;
Тауарды автокөлікке/автокөліктен тиеу/түсіру ашалы электр жүктиеуішпен жүзеге асырылады.

Тауарды ұяшықтарға орналастыруға мүмкіндік беретін компьютерлік жүйе жасап шығарылды. Кедендік қойманың ауданы 27 км2 болатын тоңазытқыш камерасы бар, ол бір мезгілде 22 бірдей паллетті cақтауды қамтамасыз етеді. Тоңазытқыш камерасы 2 градус С-ден 8 градус С-ге дейінгі диапазонға температуралық режимді ұстап тұратын құралмен жабдықталған. Температураны бақылау электртермогигрографпен жүргізіледі, ондағы деректер компьютерге келіп түседі. Ол тоңазытқыш бөлмесіне кірмей-ақ оның ішіндегі температуралық режимді бақылауға мүмкіндік береді.

Қоймада компанияның кәсіпқой жұмысшылар құрамы жұмйы істейді, олардың кедендік қызмет саласында жұмыс тәжірибесі мол. Қойма қызметкерлері GDP (Тиісті дистрибьюторлық тәжірибе)стандартының оқуын оқыған.

Біздің Кедендік қоймамыз келесі қызмет түрлерін көрсетеді:
- жүктік кедендің рәсімдеу;
- жүкті кедендік бақылауда, сонымен қатар тоңазытқыш камерасында сақтау;
- құжаттарды кедендік тазалауға әзірлеу;
- кері экспорттауды кедендік рәсімдеу.

- ДД өндіру бойынша жобаларыңыз жайлы айтып берсеңіз.

- Мемлекет басшысының міндеттеріне сәйкес Фарминженер Украиндық компаниясының жобасы бойынша таблетка мен капсула түріндегі қатты дәрілерді өзіміз өндіруді іске асыра бастадық. Қазір бұл GMP стандарттарының талаптары бойынша жасалған тәжірибелік-өндірістік телім, өндірістік толық циклі, таза бөлмелер, ауа мен суды тазалау жүйесі. Қазіргі сәтте бірінші кезектегі препараттарды тіркеу сатысынан өтіп жатырмыз.

Сонымен қатар өндірісті кеңейтуге қажетті еркін алаңымыз да бар, енді біріккен өндіріс пен технологияны ауыстыру бойынша жобаларды қарастыруға дайынбыз.

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть