ВИВА ФАРМ компаниясының "урология мен андрологиядағы диагностика мен емдеудің заманауи әдістері"халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуы

Жаңалықтар

ВИВА ФАРМ компаниясының "урология мен андрологиядағы диагностика мен емдеудің заманауи әдістері"халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуы

5 қазан

2023 жылғы 15 қыркүйекте Шымкент қаласында «Урология және андрологиядағы диагностика мен емдеудің заманауи әдістері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияның ұйымдастырушылары болып Б. О. Жарбосынов атындағы УҒО ақпараттық қолдауымен Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы мен «Оңтүстік Қазақстан Урологтары» Қоғамдық Бірлестігі шықты.

Конференцияға Қазақстан, Беларусь және Түркиядан 200-ге жуық маман қатысты.

ВИВА ФАРМ компаниясы конференция жұмысына белсенді қатысты. Компанияның стенді көрме келушілерінің лайықты назарына ие болды.

Жұмыс барысында заманауи урология мен андрологияның өзекті мәселелері бойынша 29 баяндама тыңдалды. ВИВА ФАРМ компаниясының қолдауымен медицина ғылымдарының кандидаты Апатанов Мұхтар Кахарович «Несеп шығару жолдарының асқынбаған инфекциясын емдеу мүмкіндіктері» атты баяндамалардың бірін ұсынды. Баяндама уролог-дәрігердің жұмысында бактерияға қарсы терапияны қолданудың өзекті мәселелері қозғалды.

Баяндаманы «Оңтүстік Қазақстан Урологтары» Қоғамдық Бірлестігінің Төрағасы, м. ғ. к., доцент, Сұлтанбеков Қасымхан Адылханұлы атап өтті.

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть