IQVIA 2023 жылы Viva farm компаниясының жетістіктерін атап өтті

Жаңалықтар

IQVIA 2023 жылы Viva farm компаниясының жетістіктерін атап өтті

5 қазан

2023 жылғы 4 қазанда Алматы қаласында дәстүрлі түрде Қазақстанның фармацевтикалық индустриясының көшбасшыларының басын қосатын IQVIA Partners Day іс-шарасы өтті. ВИВА ФАРМ компаниясы әдеттегідей осы шараға белсене қатысады.

Кездесуде Қазақстан мен ТМД елдерінің фармацевтикалық нарығының үрдістері мен дамуы, нарықпен өзара іс-қимылдың әртүрлі кезеңдеріндегі фармацевтикалық индустрия ұйымдарының жұмысына мониторинг жүргізу саласындағы заманауи тәсілдер мен шешімдер мәселелері талқыланды.

Компания үшін тағы бір маңызды оқиға 2023 жылғы жетістіктерді мойындау болды: ВИВА ФАРМ МАТ’08 2023 кезеңіндегі қаржылық жетістіктердің нәтижелері бойынша брендтелген генериктерді өндірушілер арасында №3 компания ретінде танылды.

Бұл компаниядағы баршасы үшін, өндіріс қызметкерлері, сату және маркетинг қызметкерлері үшін үлкен жетістік.

Біз өз клиенттеріміз бен серіктестеріміз үшін жасағанымызды мақтан тұтамыз!

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть