Лорноксикам Вива Фарм 4 мг
- Дәрілік түрі: Қабықпен қапталған таблеткалар
- Дозасы: 4 мг
- Тірк. нөмірі: ҚР-ДЗ-5№024267
Лорноксикам анальгетиктік әсері бар қабынуға қарсы стероидты емес препарат (ҚҚСП) түрінде болады.
Лорноксикамның орталық жүйке жүйесіне апиын тәрізді әсері жоқ, сондықтан да тынысты тарылтпайды, сондай-ақ іш қату мен миотикалық әсер туғызбайды.
Қолданылуы
-
шығу тегі әртүрлі ауыру синдромын қысқа мерзімді емдеу
-
остеоартрит кезіндегі ауыру мен қабынуды симптоматикалық емдеу
-
ревматоидты артрит кезіндегі ауыру мен қабынуды симптоматикалық емдеу
Қолдану тәсілі және дозалары
Орташа немесе айқын ауыру синдромында ішке қабылдауға тәулігіне 2-3 рет 8-16 мг доза ұсынылады. Ең жоғары тәуліктік доза – 16 мг.