Ультрапрокт® Ректальді жақпамай
- Дәрілік түрі: Ректальді жақпамай
- Дозасы: 30 г
- Тірк. нөмірі: ҚР-ДЗ-5№015638
- Производитель: Karo Pharma
Фармакотерапиялық тобы: Вазопротекторлар. Геморрой және анальді сызаттарды емдеу үшін жергілікті қолдануға арналған дәрілер. Кортикостероидтар. Флуокортолон.
АТХ коды С05АА08
Ультрапрокт құрамында екі белсенді зат бар, олардың біріктірілімдері жеке фармакологиялық сипаттамаларын өзгертпейді, және олардың синергиялық әсерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Флуокортолон қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және қышынуға қарсы әсер етеді. Капиллярлы дилатацияның, жасушааралық ісінудің және тіндердің инфильтрациясының регрессиясы жүреді; капиллярлардың пролиферациясы басылады.
Флуокортолон пивалатының немесе капроатының қабынуға қарсы әсері әртүрлі сынақтарда тиімділігін және жүйелі әрі жергілікті жағымсыз әсерлеріне қатысты үлкен қауіпсіздігін көрсетті.
Цинкохаин гидрохлориді жергілікті тиімді анестетик болып табылады және өте кішкентай дозаларда пайдаланылуы мүмкін.
Ультрапрокт әр уақытта өзінің негізгі әрекетін көрсете бастайтын екі флуокортолон эфирінен тұрады, нәтижесінде тез қалыптасқан және ұзақ әсер (екі фазалық әрекет) алынады.
Ультрапрокт препаратының құрамында бұл белсенді заттардың болуы оның қабынуға қарсы, қышынуға қарсы және жергілікті жансыздандыратын әсері болуын шарттайды.