Фармация бойынша Республикалық жарыс

Жаңалықтар

Фармация бойынша Республикалық жарыс

25 маусым

2012 жылдың 25-26 маусымында Қазақстанда алғаш рет Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының фармацетикалық факультетінің студенттерінің арасында фармация бойынша Республикалық жарыс өтті.

Бүгінгі таңда еліміздің фарм нарығы посткеңестік кеңістіктегі ең қарқынды дамып келе жатқан нарықтың бірі болып табылады, ал фармацевтикалық өндіріс Индустриялық-Инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Отандық өндірісті препараттардың сауда атауының үлесінің өсуі де Қазақстанның еуропалық заңнамаға толықтай бағытталуымен және оның еуропалық нормалармен үйлесуімен байланысты, оның өзі бизнесмендерді тартуда, содан батыстық компаниялар елімізде фармацевтикалық өндірістер ашуда. Осы оқиғаларға орай кадрлық мәселе ең өзекті мәселеге айналып отыр, сол себептен дәрі-дәрмектерді өндірушілердің осы сала үшін білікті қызметкерлерді дайындауға қызығушылығы мол.

Жарыстың басты демеушісі жуырда ғана дәрі-дәрмектердің таблеткалы және капсулалы формасының өндірісі бойынша цехты іске қосқанқазақстандық фармацевтикалық компания «ВИВА ФАРМ» ЖШС болды. Компанияның өндірістік теліміұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес жобаланған, заманауи құралдармен жабдықталған, даму мүмкіндігі де жоғары. Қазіргі кезде цех жылына 15 млн таблетка мен 5 млн капсула шығаратындай қуатта жұмыс істейді, нарыққа сапалы кардиопрепараттар, 500 мл С дәруменін шығарады, жаңадан шыққан антигистаминді және вирусқа қарсы препараттар тіркеу сатысында тұр.

Сондай-ақ фармацевтикалық олимпиаданы Никомед Ресей-ТМДГ, Stada CIS және Санофи компанияларының белсенді түрде қатысуымен Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық өндірушілердің халықаралық өкілдіктерінің Ассоциациясы қолдады. Шараны ұйымдастырушы – «Олимп науки» (Мәскеу қаласы) компаниясы.

Mақсаты:

- отандық фармацевтикалық саланың беделін көтеру;

- болашақ мамандардың айрықша кәсіпқой қабілетін анықтау және дамыту;

- дарынды студенттік жастарды қолдау;

- фармацевтикалық кескінді олимпиадаларға қатысуға командалар қалыптастыру.

Жарыс жеңімпаздары команда құрамында Казань-2013 Бүкіл ресейлік студенттік фармацевтикалық олимпиадаға Қазақстан Республикасының атынан барады.

Фармация бойынша Республикалық жарыстың міндеті:

- дайындықтың сапалы деңгейін анықтау; оқыту барысында зерттелетін пәндер бойынша білім мен дағдысын пайдала білуін анықтау;  оқу бітірген мамандардың кәсіби қызметке дайындығының жалпы деңгейін анықтау;

- фармацевтикалық мамандардың перспективалы кадрларын анықтау, олардың ғылыми қызметін ынталандыру;

- профориентациялық жұмысты ұйымдастыру және жас маман-түлектердің жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу.

Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында 4-ші курс студенттеріне арналған алдын ала іріктеу турлары өтті. Іріктеу нәтижесі бойынша Алматыда фармацевтикалық факультеттердің 18 студенті жиналды: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеттен – алты студент, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтикалық Академиядан – төрт студент, үш адам Қарағанды Мемлекеттік медициналық Университетінен және бес адам Семей қаласының Мемлекеттік медициналық университетінен.

Олимпиада өткізгеннен кейін 25 маусымда Ұлттық пресс-клубта"ВИВА ФАРМ" ЖШС бас директоры Б.А.Машкеевтің, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ҰМУ фармацевтикалық факультетінің деканы профессор У.М.Датхаевтың, «Фармацевт-технолог» модулінің жетекшісі профессор, ф.ғ.д. З.Б.Сакипованың, Шымкент қаласының ОҚМФА деканының орынбасары, доцент, ф.ғ.к. М.П.Маркевичтің, сонымен қатар «Олимп науки» компаниясының ұйымдастырушысы Наделяева Иринаның қатысуымен пресс-конференция өтті.

Пресс-конференция барысында "ВИВА ФАРМ" компаниясының бас директоры Батырбек Машкеев жарысқа өткен түлектермен одан әрі ынтымақтасуға қызығушылығы бар екенін хабарлады:

- Біз жеке өзіміздің өндірісімізді аштық, сондықтан кадрларға мұқтажбыз. Бір кездері компаниямыз шетелдік мамандарды тартқан болатын, қазір оларды қазақстандық мамандарға ауыстырып жатырмыз. Мұндай жарыс үздік студенттерді анықтайды, олармен жұмыс жасауға ұзақ мерзімді келісімшарттар жасағымыз келер еді.

Ирина Наделяева сараптаудың тәуелсіз  институтының толық сақталатынын мәлімдеді, сондай-ақ мұндай жарыстардың қаншалықты маңызды екенін тағы бір атап өтті.

Қазақ ҰМУ фармацевтикалық факультетінің деканы Убайдулла Датхаевтың айтуынша, бұл олимпиада мен оның перспективалары студенттерді ынталандыруға көмектеседі, өйткені, бүгінгі күні ғылымның, өндірістің және оқытудың интеграциясынсыз фармацевтикалық өндірісті дамыту мүмкін емес.

26 маусымда жарыс аяқталған соң салтанатты түрде олимпиада жеңімпаздарына демеушілердің дипломдары мен сертфикаттары табысталатын болады.

Жоғарғы оқу орындары бойынша орташа балл:

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университет – 37;

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтикалық Академия – 42;

Қарағанды Мемлекеттік медициналық Университет – 41;

Семей қаласының Мемлекеттік медициналық Университеті – 37,6;

Жарыстар бойынша орташа балл:

«Фармацевтикалық химия» модулі – 12,5;

«Фармацевт – менеджер» модулі – 27.

Жарыс қорытындылары:

5-ші орын - Синельникова Марина, Семей қаласының Мемлекеттік медициналық Университеті (44 балл)

4–ші орын - Карабаева Айнур, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтикалық Академиясы (45 балл)

3-ші орын - Толукбаев Саят, Семей қаласының Мемлекеттік медициналық Университеті (46 балл)

2-ші орын - Саруарова Перизат, Қарағанды Мемлекеттік медициналық Университеті (48 балл)

1-ші орын - Тылалова Малика, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтикалық Академиясы (54 балл) 

Ұйымдастырушылар С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің студенті Жанибекова Назеркеге арнап «Фармацевтикалық химия» пәні бойынша қосымша жүлделі орын құрды.

Назерке «Жарыс тапсырмаларын шешуде ең кәсіпқой амалы үшін» сертификат алды, сонымен қатар «Филин» фармацевтикалық лагеріне (Ресей, 2012 ж.) қатысу құқығын иемденді.

Мұндай жарыстардыүздік студенттерді анықтап, оларды өндіріске жұмысқа орналастыру үшін жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть