Төменгі зәр шығару жолдарының асқынбаған инфекциялары. Қоздырғыштардың резистенттілігі бойынша жаңа деректер

Жаңалықтар

Төменгі зәр шығару жолдарының асқынбаған инфекциялары. Қоздырғыштардың резистенттілігі бойынша жаңа деректер

8 қыркүйек

2012 жылдың 8 қыркүйегінде " ВИВА ФАРМ" компаниясы урология мамандарына арнап «Төменгі зәр шығару жолдарының асқынбаған инфекциялары (ТЗШЖАИ). Қоздырғыштардың резистенттілігі бойынша жаңа деректер. Емдеудің жаңа амалдары» тақырыбына Дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Төменгі зәр шығару жолдарының асқынбаған инфекцияларынақуық қалбыршағынан зәрдің ағуының қандай да бір бұзылуы және зәр шығару жолдарында құрылымдық өзгерістер болмаған жағдайда, сондай-ақ емделушілерде басқа ауыр ілеспелі аурулар болмаған жағдайда науқастардағы, әсіресе, әйелдердегі қатты цистит пен уретриттерді жатқызады. Инфекцияның бұл түрі химиялық терапиямен жақсы емделеді және бұл емделушілер, әдетте, терапевтке осындай сырқат анықталғанда ғана алғаш жүгінеді. Қатты асқынбаған бактериялы цистит 80% жағдайда E.coli және 15% жағдайда St. saprophyticus, Klebsiella spp, Proteus spp. сияқты басқа қоздырғыштардың әсерінен болады.

ТЗШЖАИ алдын алу және емдеу мәселелерін шешудің пән аралық амалының қажеттігі анықталған болатын, себебі диагноз дұрыс қойылмаған жағдайда препаратты да, емдеу мерзімін немесе сызбасын да дұрыс тағайындамайды, нәтижесінде рецидивтің және созылмалы инфекциялардың даму деңгейі, антибиотиктермен емдеуге үйренгіштік жағдайы жоғары болады. Уролог, гинеколог және терапевт дәрігерлерде ТЗШЖАИ дұрыс емді қалай таңдаған жөн деген сұрақ күнделікті туындайды.

ТЗШЖАИ емдеуде антибиотиктерді таңдаған кезде бірқатар факторды ескеру қажет. Оларға уропатогендердің спектрі мен сезімталдығы, клиникалық зерттеулердегі антибиотиктердің тиімділігі, препаратқа төзімділік, кері әсерлер, препараттың құны мен қолжетімділігі жатады. Антибиотиктернесепте жоғары концентрация құрып, ішек пен қынап микрофлорасына кішігірім кері әсер етуі тиіс. Ішекте дұрыс сіңбейтін антибиотиктерді тағайындаудан аулақ болу керек.

ТЗШЖАИ емдеудегі ең негізгі мәселелердің бірі жүйелі түрде әсер ететін антибиотиктерді пайдалану болып табылады. Бұл негізгі қоздырғыштардың штаммаларының резистенттілігінің өсуіне жәрдемдеседі және бактерияға қарсы емнің кез келген түрінің тиімділігін біршама шектейді. 2010-2011 жылдары Ресейде, Белорусияда және Қазақстанда алынған деректер E. Coli антибиотиктерге қатысты резистенттілігінің өсуін көрсеткен. Урологияның Еуропалық ассациациясының деректері бойынша E. Coli резистенттілік деңгейі триметоприм/сульфаметоксазолға (ТМП/СМХ), налидиксті қышқылға және ампициллинге/амоксициллинге қатысты 20%-ға көтерілген. Ко-амоксиклавқа, фторхинолонғажәне цефалоспоринге қатысты тұрақтылық шамамен 10%-ды құрайды. Урологияның Еуропалық ассациациясының сарапшыларының пікірінше, E. сoli резистенттілік 20%-дан асқан жағдайда ТЗШЖАИ емдеуге тағайындамаған жөн. Резистенттілігі 10%-дан 20%-ға дейін жететін препараттарды негізгі препарат ретінде емес, балама препарат ретінде қарастыруға болады.

Урологияның Еуропалық ассоциациясының 2006 және 2011 жылғы ұсыныстарының айырмашылығы айтарлықтай, ол бактерия-қоздырғыштардың актибиотиктерге резистенттілігінің жылдам өсуімен байланысты. Осылай, 2006 жылғы ұсынысқа ТМП/СМХ (емдеу курсы - 3 күн), фторхинолондар (1-3 күн), фосфомицин (1 күн), пивмециллинам (3-7 күн) және нитрофурантоин (5-7 күн) сияқты антибиотиктер енген. Соңғы ұсынысқа енгізілген препараттар тізімі өзгерді. ТЗШЖАИ емдеуде бірінші таңдалатын препараттар трометамол фосфомицин (Монурал, 3 г) және нитрофуран болып табылады. Бұл су жаңа препараттар емес. Нитрофуран шамамен жарты ғасыр бойы, ал Монурал 30 жыл қатарынан қолданылып келеді. E. coli сезімталдық көптеген онжылдықтар бойы, ал бұл антибиотиктердің қалыпты фекальді флораға әсері аз деңгейде сақталып келеді.

Трометамол фосфомицин (Монурал) – фосфон қышқылының туындысы, бактерияның жасушалы қабырғасының пептидогликан синтезі. Несептегі өте жоғары концентрацияның арқасында күшті бактерицидті әсер білдіреді. Дәл осы себептен Монуралдың бір мөлшерлемесін қабылдаған жеткілікті. Препараттың 99,5%-ы өзгеріссіз түрде несеппен бірге бөлінеді.

Эпидемиологиялық деректер симптомсыз бактериурия жүкті әйелдердің 6%-нда қатты циститке (1-2%) немесе қатты пиелонефрит (1-2,5%) қарағанда айтарлықтай жиібайқалғанын көрсетті. Жүктілік кезіндегі симптомсыз бактериурияны емдеу керек, мұнда көптеген дәрілік препараттарды дәл осы кезеңде қолдануға рұқсат етілген. Олардың қатарына сульфаниламидтер, триметоприм, аминогликозидтер, хинолондаржәне фторхинолондар, нитроксолин жатады. Жүктіліктің ІІІ триместрінде нитрофурандар алынады. Жүкті әйелдердің зәр шығару жолдарының төменгі бөліктеріндегі инфекцияларды емдеу үшін тек пенициллиндеп, цефалоспориндепжәне  трометамол фосфомицин ұсынылады. Қолда бар деректер бойынша Ресейде жүкті әйелдердің ЗШЖ төменгі бөліктеріндегі инфекцияларды антибиотиктермен емдеген кезде көбінесе фосфомицинді (41,8%) тағайындайды, себебі бұл препарат қауіпсіз болып келеді. Монуралдың 1 мөлшерлемесін 3 ай бойы 10 күнде 1 рет қабылдау емдеудің ең жақсы жолы болып табылады. Сонымен қатар жүктілерге көп жағдайда оларға мүлде келмейтін препараттар тағайындалып жатады (нитроксолин, нитрофурандар, фторхинолондар) және бұл дәйек алаңдатпай қоймайды.

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть