Жаңалықтар
Халықаралық стандарттарды енгізе отырып
5 маусымҚазақстанның фармацевтикалық өндірісінде кәсіпорынның саясатын сипаттайтын нұсқаулықтардың немесе қадамдық әрекеттердің құжат түрінде рәсімделген жиынтығын – Стандартты ота процедураларын (СОП/SOP/Standard Operation Procedures) кеңінен ензігу қолға алынған. СОП сақтаудың маңызды артықшылықтары процесстер мен жұмыс қорытындыларының бірізділігі, келісушілігі және қайта жаңғыртылуы.
"ВИВА ФАРМ" компаниясы өзінің үздік дәстүрін сақтап қана қоймай, сонымен қатар шетелдік серіктестерінің тәжірибесін де белсенді түрде қабылдайды, сөйтіп, алдыңғы қатарлы білім мен технологияларға жол ашады. 4-5 маусымда біздің кәсіпорынымызда серіктесіміз болып келетін Shire америкалық фармацевтикалық компаниясының басшылығы қатысқан топ-менеджерлерге арналған халықаралық тренинг өтті. Тренинг өте жоғары деңгейде, құрылымдалған түрде өтті және әрбір қатысушыға халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыстың түрлі процесстерін стандарттау және құжаттандыру саласында өз білімін жетілдіру және тереңдетуге мүмкіндік берді, ол қызмет ұсыну сапасын одан да тиімді басқаруға және ең ауыр міндеттердің өзін орындауда жұмыстың тамаша нәтижесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.