Жаңалықтар
Қазақстандағы фармацевтикалық өндірісті оқшауланлырудың алғашқы қадамдары
12 тамызЕлімізде фармацевтикалық саланы дамытудың негізгі стратегиялық бағыттарының бірі фармацевтикалық өндірісті оқшауландыру болып табылады. Қазақстандық зауыттарда тапсырысты орналастыру арқылы технологияны ауыстыру процесіне ірі халықаралық фармацевтикалық компаниялар кірісе бастаған.
Johnson&Johnson компаниясы мен қазақстандық "ВИВА ФАРМ" компаниясының арасында өндірістің соңғы сатысын оқшауландыру және өнімді іске асыруға дайындау (Диклоран Плюс сыртқа қолдануға арналған гель) бойынша контрактқа қол қою соңғы үлгі болды. Келісім шарты бойынша өнімнің қаптау сатысы табысты ынтымақтастыққа жетуге қажеттінің бәріне ие қазақстандық серіктестіктің өндірістік алаңына ауыстырылған болатын. Қаптау сатысының аутсорсингі шетелдік өндірушілерге препараттарды тасымалдау және сақтау кезінде, сондай-ақ өнімді қазақстандың фармацевтикалық нарыққа шығару кезінде бірталай артықшылықтар береді.