«Өзіңде диабеттің бар-жоқтығын тексер» науқаны

Жаңалықтар

«Өзіңде диабеттің бар-жоқтығын тексер» науқаны

15 қараша

14 қарашада әлем қант диабетімен күрестің Бүкіләлемдік күнін тойлады,  ол ең күрделі медициналық-әлеуметтік мәселелердің бірі. Бұл күн бүкіл озық адамзатқа сырқаттың таралуы өсіп келе жатқанын көрсетеді.

Сырқаттың дамуының, сондай-ақ оның ауыр асқынуларының алдын алудың негізгі шарасы салауатты өмір салтының принциптерін ұстану және реттегіштік анықтау негізіндегі қандағы глюкоза деңгейін нақтылау болып табылады.

«ВИВА ФАРМ» компаниясы «Johnson&Johnson» бір бөлімшесі болып келетін «LifeScan» компаниясымен біріге отырып, Қазақстанның Диабеттік Ассоциациясының қамқорлығымен қант диабеті көп бейнет әкелмейтін болашаққа деген қолдау және үміт белгісімен сырқатқа қарсы күреске қосылып, «Өзіңді диабеттің бар-жоқтығын тексер» қайырымдылық науқанын бастады.

2013 жылдың 14 қарашасында Алматы қаласындағы № 2 Орталық Дәріханасы (Гоголь – Фурманов көшелері) мен Плюс Дәріханасындағы (Әуезов – Габдуллин көшелері) Науқанға келген әрбір келуші «LifeScan» компаниясының өндірісі заманауи жоғары нақтылы «OneTouch Select» глюкометрінде эксперт-талдаудан өте алды.

«Өзінде диабеттің бар-жоқтығын тексеруге» жүздеген алматылықтар келді. Санаулы секундтардың ішінде адамдар тексеру нәтижелерін қолына алды. Қандағы көтеріңкі глюкоза деңгейі тексерілетіндердің 15%-нда анықталған. Болашақта мұндай науқандарды біздің қаламызда тұрақты негізде өткізу жоспарланып отыр.

Іске қосылған скринингтің алдын ала нәтижелері диабетке әрдайым тексеріліп отырудың қажеттілігін тағы бір рет растап берді. Сырқатты ерте анықтау емдеуді де дер кезінде бастауға және осындай диагнозбен толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді, тіпті, өміріңізді құтқаруы да мүмкін.

Тұрақты скринингтің негізгі себептерін есіңізге саламыз:

  1. 40-тан асқан жас
  2. ​жақын туыстарыңызда диабеттің кез келген типі
  3. ​дененің артық массасы
  4. жоғары артериялық қысым (>140/90 мм рт.ст.)
  5. қандағы холестериннің, триглицеридтердің жоғары деңгейі
  6. өміріңізде бір рет болсын нсепте немесе қанда көтеріңкі глюкоза деңгейінің анықталуы
  7. үнемі шаршау белгілері, тамақтың кеберсінуі, бақыланбайтын шөл және т.с.с.
  8. бауыр, өкпе, жүрек-тамыр жүйесінің созылмалы аурулары
  9. созылмалы пародонтоз және фурункулез, зең ауруы, белгісіз этиологияның нейропатиясы
  10. несеп айдайтын дәрілерді және гонмондарды ұзақ уақыт қолдану
  11. түсік тастау, мерзімінен бұрын босану, өлі немесе ірі нәрестенің тууы, даму кемістігі бар балалар
  12. жүктілік кезіндегі гестационды қант диабеті (глюкоза деңгейінің көтерілуі уақытша сипатқа ие болғанда)
Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть