Жаңалықтар
«ВИВА ФАРМ» компаниясының бас директорының "The Business Year" британдық журналға берген сұхбаты
23 маусымФармацевттен емделушіге
Батырбек Машкеев, VIVA Pharm Бас директоры және иесі, TBY отандық фармацевтикалық нарық жайлы айтып берді.
- Қазақстандағы фармацевтикалық нарық жағдайы жайлы айтып берсеңіз.
- Қазақстанның фармацевтикалық нарығы 80%-ға импортқа тәуелді және 20%-ға өзінің өндірісімен қамтамасыз етіледі. Нарыққа Қазақстанда өкілдігі немесе компаниялар арқылы әрекет етіп отырған барлық жетекші өндірушілер ұсынылған. Трансұлттық фармацевтикалық компаниялардың да Қазақстанда өндірісі бар, мысалы, Шымкентте фабрика сатып алған Polpharma польшалық компания. Нарықта түрік өндірушілері де белсенді әрекет етеді, олардың арасында Nobel және Abdi Ibrahim бар. Nobel компаниясы Алматыда орналасқан және өзінің дербес өндірісіне ие.
- VIVA Pharm нарықтағы жағдайын не нәрсе бекітті?
- VIVA Pharm маркетингілік зерттеулері мен дистрибуция сапасы жағынан трансұлттық компаниялармен салыстыруға келеді. Маркетингтің тиімділігі жоба-менеджерлерімен және медициналық өкілдермен қамтамасыз етіледі. Біз қызметкерлерді Мәскеуде оқытамыз, еуропалық және америкалық компаниялардың соңғы тенденциялары мен инновацияларын қадағалаумыз, халықаралық тәжірибені қабылдап, өз қызметімізге жаңа амалдар енгізуге тырысамыз.
- Қазақстанның экономикасын әртараптандыруда фармацевтикалық өндірістің рөлі қандай?
- Қазақстандық фармацевтикалық өндіріс дженериктерді өндіре алады. Бірақ еуропалық, америкалық, швейцариялық компанияларда өз өндірісіне қажетті технологиялар мен ғылыми-зерттеу базасы бар. Егер өнім патенттелмеген болса немесе патенттің мерзімі өтсе, біз оны Қазақстанда өндіре аламыз.