Астана экономикалық форумы 2017

Жаңалықтар

Астана экономикалық форумы 2017

16 маусым

15 маусымда Астана экономикалық форумы басталды. Еуразия кеңістігіндегі жыл сайынғы аса маңызды оқиғалардың бірі биыл оныншы рет өтіп жатыр, және  VIVA Pharm компаниясы осы мерейтойлық іс-шарада өз өнімдерін таныстыру құрметіне ие болды.

Форум бағдарламасы қызықты сессиялар мен беделді сарапшылардың, саясаттанушылардың, бизнес көшбасшыларының, ғалымдар мен нобель лауреаттарының баяндамаларына қанық. Қатысушылар нақты экономикалық оқиғалар мен болашақ жөніндегі озық ойларымен бөліседі, сондай-ақ экономиканың инклюзивтік даму мен технологиялық модернизацияға негізделген жаңа үлгісін талқылайды. «Тың энергия – тың экономика» атты кездесу тақырыбы Астанада өз жұмысын бастаған «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрменің тақырыбымен тығыз байланысты.

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть