GDP сертификаты

Жаңалықтар

GDP сертификаты

26 мамыр

"ВИВА ФАРМ" компаниясы ағымдағы жылдың басында "ВИВА ФАРМ" ЖШС Дәріханалық қоймасының қызметін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 392 бұйрығымен бекітілген Тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) Стандартына сәйкестігін инспекциялаудан өтіп, көрсетілетін қызметтерінің жоғары деңгейіне деген ұмтылысын тағы да растады.

GDP сертификатын алу компанияда дәрілік заттардың сапасын басқару жүйесі жұмыс істейтінін куәландырады. Біз бұл ретте тек мемлекеттік сапа стандарттарының тиісті деңгейін ғана емес, сонымен қатар біздің серіктестеріміз – "ВИВА ФАРМ"ЖШС-мен бірнеше жылдар бойы жұмыс істейтін шетелдік өнім берушілердің басшылыққа алатын халықаралық талаптарын да қолдай отырып, сақтау, тасымалдау және дистрибьюция процестерін жүзеге асыруда жоғары стандарттарға ұмтыламыз.

Компания сапаны басқару жүйесінің негізгі буындарына үлкен көңіл бөледі: дәрілік заттардың сапасын, тиімділігі мен қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ететін орындарға, жабдықтарға, пайдаланылатын жүйелерге, көлік тасымалдау құралдарына, бірақ компания сапа саласындағы қойылған міндеттерді шешуде ең маңызды ресурс деп білімі мен дағдыларын үздіксіз жетілдірілетін білікті персоналды санайды, бұл біздің жетістігіміздің кепілі болып табылады.

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть