Жаңалықтар
«Б. А. Машкеевтің шәкіртақысы»
1 сәуір2022 жылдың ақпан айында VIVA Pharm компаниясының негізін қалаушы Батырбек Әукенұлы Машкеевпен С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фармацевтика факультетінің студенттері үшін шәкіртақы тағайындалды.
Батырбек Әукенұлы жас мамандарды қолдау басым міндет болып табылады деп санайды, өйткені жоғары білікті мамандар – республикамыздың фармацевтикалық саласын дамыту жетістігінің кепілі.
Шәкіртақыға үлгерімінің жоғары балын көрсететін және тәжірибелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысатын студенттер үміткер болды.
Конкурсқа қатысушыларды іріктеуді комиссия өткізді, оның құрамына ҚазҰМУ студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері, сондай-ақ VIVA Pharm компаниясының өкілі кірді.
С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттерін Аделя Әріпжан мен Саят Ердыбек «Б. А. Машкеевтің шәкіртақысы» тағайындалуымен құттықтаймыз!
Аделя мен Саят қиын іріктеуден өтті және ай сайын 40 000 теңге көлемінде шәкіртақы алуға лайықты болады, сондай-ақ оларға Viva Pharm компаниясының өндірістік алаңында тағылымдамадан өтуге бірегей мүмкіндік беріледі.
Жас студенттерге табыс тілейміз!