Моңғолия Республикасының қонақтары

Жаңалықтар

Моңғолия Республикасының қонақтары

30 мамыр

2023 жылғы 23 мамырда «ВИВА ФАРМ» компаниясы өз кеңсесінде Моңғолия Республикасынан келген қонақтарды, Моңғолиядағы дәрілік препараттардың жетекші өндірушісі және дистрибьюторы – MONOS group компаниясының өкілдерін қабылдауға аса қуанышты болды.

Моңғолиядан келген әріптестеріміздің делегациясы мен «ВИВА ФАРМ» негізгі бөлімшелері басшыларының өкілді ұжымы арасындағы кездесу барысында тараптар өз өнімдері, серіктестердің өнімдері және дистрибьютерлік қызметі жөнінде ақпаратпен бөлісті.

Диалог тыңғылықты әрі егжей-тегжейлі болды, екі тарап та байланыстар мен өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға қызығушылық білдірді.

«ВИВА ФАРМ» компаниясы үшін Моңғолияның фармацевтикалық нарығы көшбасшысының сапары Қазақстан мен көршілес елдер нарығындағы жетістіктерді мойындау және одан әрі дамудың тағы бір перспективалық бағыты болып табылады.

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть