Отандық фармацияны индустрияландыруға жаңа қадам

Жаңалықтар

Отандық фармацияны индустрияландыруға жаңа қадам

26 маусым

2012 жылдың 26 маусымында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов еліміздің индустрияландыру Картасыне енген "ВИВА ФАРМ" ЖШС жаңа фармацевтикалық өндірісіне барып қайтты. Индустрияландыру картасы – бұл тек жаңа басым инвестициялық жобалардың тізімі ғана емес, сонымен қатар мониторинг құралы, ол арқылы мемлекеттік қолдаудың нүктелі шараларын басқаруға болады. Бұл ақпараттық база жобаларды және олар бойынша ашылып жатқан бизнес-мүмкіндіктерге инвестиция салу үшін қарқынды шетелдік және отандық компанияларға арналған.



Қала басшысының келуі барысында GMP ЕС халықаралық стандарттарының талаптарына, сонымен қатар дәрі-дәрмектерді өндірудің және сапасын бақылаудың ұлттық ережелеріне сәйкес жобаланған дәрі-дәрмектердің таблеткалы және капсулалы формасын өндіру бойынша телім таныстырылған болатын. Цех аумағында (3600 шаршы км) тәжірибелік-өндірістік телім, физикалық-химиялық және микробиологиялық зертхана (игеру барысында), ауаны желдету жүйесі және тәулігіне 24 сағат температуралық бақылауы бар стеллаждар қойылған дайын қойма, сондай-ақ жаңа жобаларды дамытуға арналған алаңдар бар. Цехтың өндірістік бөлмелері "D" тазалық класына жатады, ауаны тазартудың үш сатылы ағынды-сорғылы жүйесі талап етілетін ауаны, температураны, ылғалдылықты және қысымды қамтамасыз етеді.
 


Кәсіпорында жүзден астам қызметкер жұмыс істейді. Қазіргі кезде компанияның өндірістік алаңы жылына 15 млн таблетка мен 5 млн капсула шығаратын қуатпен жұмыс істейді және үш кардиопрепарат, С дәруменін (500 мг) шығарады, вирусқа қарсы және аллергияға қарсы препараттар тіркеу сатысында.

- Біздің компаниямыз қымбат шетелдік дәрілерді алмастыра алатын бағасы жағынан қолжетімді әрі сапалы препараттар шығарады. Құрал-жабдықтарды, субстанцияларды, қосалқы заттар мен қаптау материалдарын жеткізушілер барлық бақылау сатыларынан өткен бүкіл қажетті өнімді Германияның, Ұлыбританияның, Үндістанның және Нидерландының жетекші әлемдік компанияларының ірі фармацевтикалық дистрибьюторларынан жеткізеді, - дейді «ВИВА ФАРМ» ЖШС бас директоры Батырбек Машкеев. – Біздің препарттарымыз биоэквиваленттілікке, яғни, бірегей препараттарға сәйкестікке зерттеуден өткен және қолжетімді бағамен өзінің тиімділігін дәлелдеп шықты.

"ВИВА ФАРМ"  ЖШС елімізді индустрияландырудың Мемлекеттік бағдарламасын орындай отырып және импортты алмастыру саясатын қолдай отырып, Қазақстан мен Орталық Азияда ірі фармацевтикалық өндірістердің біріне айналуға ұмтылады.

Есімов мырза компания қызметкерлеріне ел игілігі үшін табысты қызмет тілеп, жаңа өндіріске жол ашып берді.

Бейне жазбаны қарау

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть