Эндокринологтың Алматылық мектебі

Жаңалықтар

Эндокринологтың Алматылық мектебі

5 сәуір


4-5 сәуірде «Алатау» санаториясында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі, «Қазақстанның дәрігер-эндокринологтарының Ассоциациясы» ӨҚО  мен дәрігерлерді жетілдірудің Алматы мемлекеттік институтыы дәстүрлі түрде ұйымдастыратын «Эндокринологтың Алматылық мектебі» өтті. Дәріскерлердің арасында көрнекті профессорлар, пікіп көшбасшылары, эндокриндік патология саласындағы мамандар. Конференция аясында фармкомпаниялардың тақырыптық көрмесі мен мастер-класстар болды.


«ВИВА ФАРМ» компаниясы көрмеге қандағы глюкоза деңгейін бақылау бойынша бірқатар өнімді ұсынып отырған серіктесі LifeScan (Johnson&Johnson) компаниясымен бірігіп қатысты. Қант диабеті науқасқа ұзақ уақыт бойы амбулаторлық бақылауды талап ететін созылмалы ауру болғандықтан, оны заманауи деңгейде тиімді емдеу гликемияға Өзін өзі бақылау міндетті түрде жүргізуді қарастырады.



Осы тақырып бойынша өзекті ақпаратпен «ЭҒО ФМБМ» Ресей, Мәскеу қаласындағы бағдарламалық оқыту және емдеу бөлімінің меңгерушісі, м.ғ.д. Майоров Александр Юрьевич «Гликемияны өзі өзі бақылаудың клиникалық және техникалық сұрақтары» баяндамасымен сөз сөйледі.
 

 

Қандағы глюкоза деңгейін өз бетімен өлшеудің артықшылығы:

  1. Өзі өзі бақылау – диабетті қадағалаудың ең үздік тәсілі.
  2. Бұл кез келген жерде, мейлі, үйде жүрсеңіз де, мейлі, жолда болсаңыз да, қандағы глюкоза деңгейін өлшеудің тиімді әрі ыңғайлы әдісі.
  3. Ол арөылы жағдайыңызды біліп, гипер- (қандағы жоғары қант деңгейі) және гипогликемияны (қант құрамының төмен деңгейі) анықтауға көмектеседі.
  4. Ол тамақтану мен дене жаттығулары қандағы глюкоза деңгейіне қаншалықты әсер ететінін көрсетіп, үйреншікті өмір салтын нақтылауға мүмкіндік береді.
  5. Ол инсулиннің дұрыс мөлшерлемесін анықтауға көмектеседі.
  6. Ол қандағы глюкоза деңгейін жақсы бақылауға мүмкіндік береді.
  7. Бұл түнгі гипоглюкемияны анықтау тәсілдерінің бірі.
  8. Өлшеу нәтижелері дәрігерге дұрыс әрі тиімді емдеуді тағайындауға көмектеседі.
Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть