«ВИВА ФАРМ» компаниясы өндірілетін өнім сапасының саласындағы жетістіктері үшін марапатталды

Жаңалықтар

«ВИВА ФАРМ» компаниясы өндірілетін өнім сапасының саласындағы жетістіктері үшін марапатталды

11 тамыз

7 тамызда өнім сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы бірқатар нәтижелерге қол жеткізгені, бәсекеге қабілеттілікті көтергені, халықаралық стандарттарды енгізгені, сондай-ақ тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандырғаны үшін «Қазақстанның өздік тауары» атты өңірлік Алматылық жарыстың жеңімпаздары жарияланды.

Бұл жарыстың незігі мақсаты мен міндеттері отандық тауар өндірушілерді импортпен бәсекеге қабілетті күреске тарту, отандық өнімге деген сенімсіздікті жою, өнім сапасын көтеру бойынша кәсіпорын қызметін ынталандыру болып табылады. Биылғы жылы жарыс-көрмеге қатысуға үміткер ретінде шамамен жүз өндірістік компания тіркелді, олардың үздігін келесі үш номинация бойынша анықтады: «Халыққа арналған үздік тауар», «Үздік азық-түлік тауары» және «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар».

Көрменің ашылуында қала әкімі Ахметжан Есімов қала әкімдігі қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі индустрияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты өткізу болып табылатындығын атап өтті. Алматыда жүйелі негізде күшейтілген индустриялық-инновациялық даму Бағдарламасы іске асырылады.

«ВИВА ФАРМ» компаниясы «Халыққа арналған үздік тауар» номинациясында бірінші орынды иемденіп, жылдың соңында өтетін республикалық жарысқа қатысатын болады. Дәстүр бойынша бұл сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев табыстайды, бұның өзі жарыстың ел үшін маңызы зор екенін білдіреді.

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть