Фамцикловир Вива Фарм
- Дәрілік түрі: Қабықпен қапталған таблеткалар
- Дозасы: 250 мг
- Тірк. нөмірі: ҚР-ДЗ-3№022357
Фамцикловир Вива Фарм - вирусқа қарсы тікелей әсер ететін препарат.
Қолданылуы
- Varicella zoster вирусынан туындаған инфекциялар
- Иммунитеті компетентті ересек пациенттердегі офтальмогерпесті қоса, белдемелі теміреткіні емдеуде
- Иммунитеті әлсіз ересек пациенттердегі белдемелі теміреткіні емдеуде
- Herpes simplex вирусынан туындаған инфекциялар
- Иммунитеті компетентті ересек пациенттердегі генитальді герпестің бірінші білінулерін және қайталануларын емдеуде
- Иммунитеті әлсіз ересек пациенттердегі генитальді герпестің қайталануларын емдеуде
- Иммунитеті компетентті ересек пациенттердегі және иммунитеті әлсіз ересек пациенттердегі қайталанатын генитальді герпестің супрессиясында