Валавекс
- Дәрілік түрі: Қабықпен қапталған таблеткалар
- Дозасы: 500 мг
Вирусқа қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар. Вирусқа қарсы тікелей әсер ететін препараттар. Нуклеозидтер және нуклеотидтер. Валацикловир.
Қолданылуы
Қолданылуы
- Herpes zoster вирусы туғызған белдемелі теміреткіде
- ҚГВ туғызған терінің және шырышты қабықтардың жұқпаларында (Валавекс қарапайым герпес қайталануының бірінші симптомдарының білінуіне қарай қолданылған кезде бөртудің дамуын болдырмайды), алғаш анықталған және қайталанған генитальді герпесті қоса
- Herpes labialis лабиальді герпесінде (ерін қызбасы)
- қарапайым герпес вирусы туғызған терінің және шырышты қабықтардың жұқпалары қайталануларының (супрессия) алдын алуда
- қауіпсіз секспен бірге дені сау жұптастың генитальді герпес жұқтыруын төмендетуге арналған супрессиялық емде
- ағзаларды трансплантациялау кезінде пайда болатын цитомегаловирустық (ЦМВ) жұқпаның алдын алуда. ЦМВ жұқпасында алдын алу мақсатында Валавексті тағайындау трансплантаттың жедел ажырау реакциясының (бүйрек трансплантаттары бар емделушілерде), оппортунистік жұқпалар мен басқа да герпестік вирус жұқпаларының (ҚГВ, ВЗВ) айқындылығын әлсіретеді.