Бас пен мойын обырын ерте диагностикалау аптасы

Жаңалықтар

Бас пен мойын обырын ерте диагностикалау аптасы

2 тамыз

Екінші жыл қатарынан біздің еліміз бас пен мойынды зерттеушілердің Еуропалық қоғамының (European Head and Neck Society, EHNS), ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің қамқоршылығымен және «Мерк» неміс компаниясы мен VIVAPharm компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған Бас пен мойын обырын ерте диагностикалау аптасына қатысып отыр. Шараны өткізу кезінде мамандар 1 600-ден артық адамды тексеруді жоспарлауда.

Қазақстанның әрбір тұрғыны ерте сатысында бас пен мойын тұсында оқшауланған жаңа өсінділерді анықтауға, сондай-ақ созылмалы қатерсіз патологияларды диагностикалауға тексеруден өте алады, оны уақтылы емдеу қатерлі жаңа өсінділердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Тексеруді мамандардың мультипәндік командасы жүргізеді: дәрігер-онколог, оториноларинголог, тіс дәрігері.

Ерте диагностикалау аптасы Қазақстанның төрт қаласында өтеді:

Алматы, Өскемен, Қарағанды және Астана.

2016 жылдың 1 тамызынан 23 қыркүйегінде
8-800-080-5058
«жедел желі» телефоны жұмыс істейді.

Мамандардан тегін скрининг өт!

Бас пен мойын обырын ерте диагностикалаудың Еуропалық аптасы 2016-2020 жж. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылады, оның негізгі міндеттері: санитарлық амандықты қамтамасыз ету негізінде халықтың денсаулығын нығайту, тәуекел факторларының алдын алу, пайдалы тамақтармен тамақтануды дәріптеу және салауатты өмір салтын ынталандыру.

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть