Жаңалықтар
«ФИЛИН» — Инновациялардың Фармацевтикалық Ұлтаралық Лагері
30 қыркүйекБүгінгі таңда фармацевтикалық саланың ең маңызды міндеттерінің бірі кәсіпқой кадрлық резервті құру болып табылады. Ол үшін жас мамандарды қосымша оқыту және дамыту қажет, оған бизнесті салаға арналған мамандарды дайындауға тарту, мастер-класстарды және профориентация бойынша шараларды өткізу, сондай-ақ фармацевтикалық және химиялық-технологиялық жоғарғы оқу орындарының бітіруші курстарының студенттеріне арналған басқа да маңызды әрі пайдалы шаралары қажет.
Дәл осы мақсатта "Олимп науки" (Мәскеу қаласы) компаниясы алғаш рет 2012 жылдың қыркүйек айының 22-сінен 29-ына дейін Ресей Федерациясының Ярославль қаласында өткен «ФИЛИН» инновациялар фармацевтикалық ұлтаралық лагерін ұйымдастырды. Бұл фармацевтикалық жүгіну мәселелері мен дәрі-дәрмектерді өндірудің неғұрлым өзекті мәселелері бойынша бітіруші курстың студенттеріне арналған апталық білім беру бағдарламасы.
Лагерьде Ресейдің, Белорусияның, Қазақстанның және Украинаның 30-дан астам фармацевтикалық және химиялық-технологиялық жоғарғы оқу орындарының оқушылары жиналды. Қазақстанның атынан С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ҰМУ фармацевтикалық факультетінің 5 курсының студенттері барды. Олар: Хосова Мадина, Кайнарбаева Меруерт және Жанибекова Назерке. Студенттік сапардың демеушісі «ВИВА ФАРМ» фармацевтикалық компаниясы атынан оның бас директоры Машкеев Батырбек Аукенович болды.
Лагерь қатысушылары "Фармацевтикалық технология", "Дәрілік препараттарды өңдеу", "Клиникалық зерттеулердің ережелері ", "GMP негіздері" сияқты бағыттар бойынша сала сарапшылары мен көшбасшыларынан қарқынды білім алды. Оқу бағдарламасына фармацевтикалық кәсіпорындарына, дәрістерге, оқу семинарларына бару, конкурстар мен тренингтерге, мастер-класстарға қатысу сияқты шаралар енді. Дәрістер стандартты түрден өзгешелеу болды, олар студенттер мен дәріс оқушылардың арасында жарыссөз өткізу түрінде құрылды. Лагерь аяқталысымен, әрбір қатысушыға «құзырет кітабы» табысталды, онда студенттің, ал кейінірек жұмыс істеп жүрген маманның бүкіл жетістіктері көрініс таппақ. «ФИЛИНнің» инновациялылығының жоғары деңгейі мен нақты рухы анық байқалды, ал ең үздік қорытындысы – бұл студенттердің, дәріс оқушылардың бетпе-бет диалогы және профильдік білім беру деңгейін көтеру бойынша осы жобаны жалғастыруға дайындығы еді.
Қазақстаннан барған студенттер оқу барысындағы осындай шараға қатысу мүмкіндігі үшін С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ҰМУ профессорлық-оқытушылар құрамына, фармацевтикалық факультеттің деканы профессор У.М. Датхаевқа, "Вива Фарм" компаниясының бас директоры Б.А. Машкеевке, «ФИЛИН» лагерінің ұйымдастырушысы мен жетекшісі И.И. Наделяеваға (Мәскеу қаласы) терең ризашылығы мен алғысын білдірді.