Жаңалықтар
Сау бүйрек – ұзақ ғұмыр!
13 наурыз2014 жылдың 13 наурызында бүкіл әлемде бүйректің Бүкіләлемдік күні атап өтілді –бұл Нефрологтардың Халықаралық қоғамы мен Бүйрек қорларының Халықаралық Федерациясының біріккен бастамасы болып табылатын жыл сайынғы оқиға. Ағымдағы жылы бұл күн «Бүйректің созылмалы ауруы (БСА): жас ерекшелік аспектілері» ұранымен өткізілді.
«ВИВА ФАРМ» компаниясы дәрігер-нефрологтарға арналған оқыту семинарын ұйымдастырды, онда келесі жетекші мамандар сөз сөйледі: Канатбаева Асия Бакишевна, Қазақ ҰМУ профессоры, м.ғ.д., Қазақстан нефрологтарының Президенті; және м.ғ.д. Кабулбаев Кайрат Абдуллаевич.
Асия Бакишевна «БСА және қартаю» баяндамасымен бөлісті. Өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы БСА өсуімен, сондай-ақ диализдегі науқастардың санының артуымен бірге жүреді. БСА артериялы гипертониямен, жүрек аурулары және инсульпен, қант диабетімен ауыратын емделушілерде жағымсыз қорытындының тәуекелін бірталай ұлғайтатын фактор болып табылады, олардың әрқайсысы өз кезегінде өлім мен мүгедектіктің негізгі себебіне айналады. Осыған орай, профессор А.Б. Канатбаева бүкіл егде жастағы емделушілерді тексеру кезінде бүйрек қызметін бағалау қажеттігін атап өтті, сондай-ақ терминальды БСА шалдыққан егде жастағы емделушілерге арналған ең тиімді ем диализ болып табылады деп қорытындылады.
Кабулбаев Кайрат Абдуллаевичәріптестеріне гиперфосфатемия менқайталанбалы гиперпаратиреоидизм жататын БСА кезінде минералтді-сүйек бұзылуларын емдеу алгоритмі туралы ақпарат ұсынды және цинакальцет (Мимпара, Амджен)үлгісінде қалқанша жанындағы безге кальцимиметик-препараттардың әсерін сипаттап берді.
Цинакальцетпен емдеу:
- қалқанша жанындағы бездің паратиреоидті гормоны мен жасушалы пролиферациясының синтезі мен секрециясын төмендетеді;
- дәстүрлі еммен салыстырғанда кальций, фосфор деңгейін тиімді түрде неғұрлым азайтады, сондай-ақ 3 ай ішінде минеральді алмасудың мақсатты көрсеткіштеріне жетуге мүмкіндік береді;
- сыну тәуекелін және паратиреоидэктомияны орындау жиілігін нақты азайтады;
- D дәруменінің препараттарымен емдеуге қарағанда тамырлы кальцификацияның үдеуін бәсеңдетеді;
- қайталанбалы гиперпаратиреоидизммен диализді емделушілерді жүрек-тамыр себептері бойынша аурузанаға жатқызу коэффициентін біршама азайтуды қамтамасыз етеді;
- өміршеңдікті айтарлықтай жақсартумен байланыстырады.