Бас пен мойын тұсындағы ісіктерді ерте диагностикалаудың Еуропалық аптасы

Жаңалықтар

Бас пен мойын тұсындағы ісіктерді ерте диагностикалаудың Еуропалық аптасы

14 қыркүйек

Тамыз айында ОжРҒЗИ (Онкология және Радиологияның Ғылыми Зерттеу Институты) "Вива Фарм" ЖШС қолдауымен «Бас пен мойын тұсындағы ісіктерді ерте диагностикалаудың Еуропалық аптасы» кең маштабты Компаниясын бастады, оның аясында Алматы, Астана, Өскемен және Шымкент қалаларында ЛОР-дәрігер мен тіс дәрігерлерінің арасында ерте онкосақтық бойынша оқыту өтті.

2015 жылдың қыркүйек айының 21-нен 25-не дейінгі аралықта келесі мамандардан тегін тексеріле аласыз: тіс дәрігері, отоларинголог және онколог!

Бас пен мойын тұсындағы онкологиялық аурулардың алдын алу және  ерте диагностикалау үшін келесі тегін жедел желі телефоны арқылы қабылдауға жазыла аласыз:

Астанада 8 800 080 50 38

Алматыда 8 800 080 50 48

Шымкентте 8 (7252) 56 31 60/ 56 08 96

Бас пен мойын онкологиясын ерте сатыларда өзіңіз-ақ анықтай алатыңызды естен шығармаңыз. Егер адам жұту кезінде қиналса, тамағы бір жақты ауырса, тұрақты әрі үдемелі қарлығу болса, тілінде ауырсыну сезімі болса, ауыз қуысында жазылмайтын ойық жара болса және / немесе қызыл не ақ дақтар болса, мұрны бітелсе, мұрыннан қанды бөлінулер болса, ауыз қуысында бөтен дене бары сезілсе және мойын тұсында ісік байқалса – осы аталған белгілердің бірі үш апта бойы сақталса, дәрігерге қаралғаныңыз жөн.

Басты міндет – науқастардың бастапқы сатыда анықтау және дереу емдеуге кірісу!

Өзіңіз келіңіз және туыстарыңыз бен жақындарыңызды ертіп келіңіз!

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть