Жаңалықтар
Қазақстандық фармацевтика саласы қарқынды дамуда және фармацевтикалық компаниялар эволюцияға қадам баспақшы
15 қыркүйекҚазіргі кезде «Europharma» компаниясы Қазақстанға фармацевтикалық өнімді таратумен айналысуда. Сіздер Қазақстанда дәрілерді өндіруді бастауға ниеттісіздер ме?
Руслан Берденов: Біздің мақсаттарымыздың бірі – Қазақстанда фармацевтикалық өнім өндіру. Белгіленген мерзімдерге сәйкес қазір біз өндіріске қажетті технологиялық процестерді дамытумен айналысудамыз. Қазақстанда тек сауда нарығы үшін өндіру мүмкін емес, себебі Қазақстандағы жергілікті фармацевтикалық өндірушілер мұндағы нарық үлесінің тек 10% құрайды; нарықтың қалған 90% шетелдік өндірушілер құрайды. Біздің мақсатымыз – мемлекеттік денсаулық сақтау секторында үкіметке қажетті фармацевтикалық өнімдерді өндіру. Фармацевтика нарығы сауда нарығындағы cұраныстың 50% құрайтын және қалған бөлігін мемлекеттік денсаулық сақтау саласы құрайтын екі топқа бөлінеді. Енді «Europharma» компаниясы беделді халықаралық серіктестер іздеуде, бұл олармен бірге өндірісті бастауға қажет. Компания батыстағы серіктестерсіз Қазақстанда ірі өнімдер өндіре алмайды, себебі Қазақстанда ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелі-конструктивтік әзірлемелер жоқ.
«Вива Фарм» компаниясы 1999 ж. өнімді жалғыз өзі тарата бастады, осыдан кейін 2010 ж. фабрика салды, бұл генерикті өнімді жергілікті өндіру үшін қажет болды. Содан бері өндірісте қандай өзгерістер болды?
Батырбек Машкеев: Өндірген өте қызықты, тіпті бұл генерикті өнімдер ғана болса да. Генерикті өнім қарапайым секілді көрінеді, алайда іс жүзінде біздің генерикті өнімдеріміздің ингредиенттері түпнұсқадан біраз ерекшеленсе де, ол бәсекеге қабілетті биобаламалы өнім болып саналады. Мұны қарапайым дистрибуциямен салыстырған қызықты, себебі біз бәрін басынан бастадық, заттарды сатып алдық, технологияларды сатып алдық және оларды меңгердік, сондай-ақ ауруханаларда біздің дәрілерімізді қабылдаған 18 немесе 21 пациентке биобаламалы зерттеулер жүргіздік және оларды түпнұсқамен салыстырдық. Егер аурухана немесе зертхана оны биобаламалы деп бекітсе, осыдан кейін біз генерикті өнімдерімізді тіркеуге ұсынамыз. Біз дәрілерді таратып қана қоймаймыз, сонымен бірге біз екі зертхананың аккредитациясына иеміз. Біз шетелдік өнімдермен бәсекелестікті сеземіз, себебі шетелдік компаниялар жақсы дамыған, сондай-ақ қазақстандық тұтынушыларға Еуропадан келген өнімдер ұнайды. Біз бұл жергілікті өнім десек, өкінішке орай, адамдар оның сапасына күмәнданады, сондықтан біздің өнімдерімізді дәрігерлер арқылы алдыңғы орынға жылжыту керек, олар өз кезегінде дәріханашылар мен тұтынушыларға біздің өнімдеріміздің биобаламалы екенін түсіндіреді. Біз клиникада зерттеу жүргіздік, содан біздің өніміміздің 100% сол ингредиенттерден тұратынын және басқа өнім секілді әсер ететінін анықтадық.
Егер нарық коммерциялық фармацевтикалық өнімдерді бөлшек сату нарығы болса, ол бәсекеге қабілеттірек болар ма еді?
РБ: Мен олай деп ойламаймын. Фармацевтикалық өнімнің екі түрі бар: рецептісіз босатылатын (ОТС) және рецепт бойынша босатылатын (Rx) дәрілік заттар. Үкімет дәрілерді тек рецепт бойынша сатып алады және компаниялар осы дәрілерді препараттарды бөлшек сауда дәріханаларында сата алмайды. Медициналық сақтандыру бойынша жаңа жүйе Қазақстанға 2018 ж. енгізіледі және көп нәрсе өзгереді. Үкіметтің денсаулық сақтау саласына инвестициялауы өте жақсы, бұл пациенттердің сақтандырушылары олардың емі үшін ақы төлеуіне қажет. Бұл үкіметтің денсаулық сақтау саласын оңтайландыру жөніндегі бағдарламаларының бірі.
Қазақстан фармацевтикалық өнімдер өндірісінен өз орнын таба ала ма немесе аса күрделі дәрілер үнемі импорттала ма?
БМ: Аса күрделі дәрілер шетелдік мемлекеттерден келетін болады, себебі бізде оларды өндіруге мүмкіндік жоқ. Тарихтан білетініміздей, біз 10 жылдың ішінде молекулаларды таба алмаймыз, себебі өзге мемлекеттер осы үлкен молекулаларды табуға 100 жылын арнады. Компанияларға тәжірибе керек, себебі олар жоқ нәрседен өндіре алмайды; оларға миллиондаған қаржы жұмсау қажет және ауқымды тәжірибе мен тиісті өндіріс мәдениеті керек. Біз тек көп мөлшердегі гереникті препараттарды немесе биосимиляторларды шығара аламыз, бұл да жергілікті өндірушілер үшін қызықты сала болып табылады. Өте қымбат тұратын және үлкен сұранысқа ие биотехникалық өнім бар; алайда біз биосимилятор ғана өндіре аламыз.
Сіздердің 2017 ж. қандай жоспарларыңыз бар және не күтесіздер?
РБ: 2017 ж. біздің мақсатымыз – 50% өсу. Біз белгілі жобаларды жоспарлап қойдық, алда оларды алға жылжатын боламыз. Біз үшін мемлекеттік саладағы, бөлшек сауда мен онлайн саудадағы серпін басты орында тұр. 2016 ж. жекелеген ірі ғаламдық компаниялармен эксклюзивтік өнім бойынша келісімшартқа қол қойдық. Біз 2017 ж. осы мақсаттарымызға жетеміз деген ойдамын. Біздің нарықтағы табыстың жақсы коэффициенті 10-15% құрайды, бірақ 2016 ж. табыс коэффициенті біршама төмен болды. «Europharma» компаниясы 2016 ж. жұмыс тиімділігін оңтайландыру үшін бірқатар қадамдар жасады. Мысалы, біз дәріханалар және көтерме сауда мен коммерциялық операциялар желісіне арналған ақпараттық-технологиялық жүйемізді жетілдірдік. 2017 ж. 50% өсу мақсатымыз шындыққа жанасады.
БМ: Менің мақсатым – сапалы өнім өндіру және рецептісіз босатылатын белгілі өнімдермен танымалдылыққа ие болу. Біз 500 мг С дәрумені препаратымен немесе ауруды басатын заттармен табысқа жетуге ұмтылудамыз және жүрек-қан тамырлары ауруларына арналған дәрілерді өндіру бойынша көш бастап тұрғызымыз келеді. Салаға девальвация қатты әсер етті; адамдар сырқаттанады және оларға дәрі ішу керек. Сала қайта өркендеуде, әсіресе міндетті медициналық сақтандыру енгізілгеннен бастап. Мүмкін, Еуразиялық ортақ нарық бәсекелестікті арттырып, біз де осы нарыққа тіркелерміз. Алдымызда жарқын болашақ күтіп тұр.
Дереккөз
https://www.thebusinessyear.com/kazakhstan-2017/pharmacies/b2b