Жаңалықтар
GMP сертификаты
10 шілдеҚұрметті достар, біз керемет жаңалығымызды сіздермен қуана бөлісеміз! Наурыздың 28-нен 30-на дейін біздің VIVA Pharm зауытымызда GMP стандартының талаптарына сәйкестікті тексеру өтті. Оның нәтижесі бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті GMP талаптарына сәйкестік сертификатын берді.
Дәрілік препараттар шығарудың әлемдік практикасында «Дәрілік препараттарды шығару қағидалары(Good Manufacturing Practice for Medicinal Products (GMP))» негізін құрайтын құжат болып табылады. GMP сертификаты препараттардың бөгде заттардың түсуіне жол бермейтін жағдайда талап етілетін химиялық құрамына қатаң сәйкестікте шығарылғанын, сондай-ақ тиісті жолмен қапталғанын білдіреді, бұл бүкіл сақтау мерзімі ішінде физикалық-химиялық қасиеттерін сақтауға кепілдік береді. Осы стандарт «таза үй-жайлар» ұғымын қамтиды, яғни үй-жайдың ішіне бөлшектердің түсуін, бөлінуін және сақталуын азайту үшін ауадағы өлшенген бөлшектердің концентрациясы бақыланатын үй-жайлар. Ауаның кубтық метріне шаққандағы микроағзалардың мөлшері, ылғалдылық пен температура секілді параметрлері қатаң бақылауда болуы тиіс. Стандарттар сондай-ақ фармацевтикалық өндірісте қолданылатын материалдарды, жабдықты және арнайы киімді назарға алады.
Осылайша, VIVA Pharm компаниясы заманауи, тиімді әрі қауіпсіз дәрілік заттарды Қазақстан нарығына қолжетімді бағамен шығару арқылы емделушілердің денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту бойынша өз миссиясын орындайды!