VIVA Pharm - денсаулық сақтау саласындағы жылдың үздік жұмыс берушісі

Жаңалықтар

VIVA Pharm - денсаулық сақтау саласындағы жылдың үздік жұмыс берушісі

30 сәуір

Құрметті достар, 
біз Сіздерге 2021 жылдың 27 сәуірінде жыл сайынғы Randstad Employer Brand Research салтанатты рәсімі өткендігі туралы хабарлауға қуаныштымыз.
Randstad зерттеуі 34 елде жүргізіледі, жиынтығында әлемдік экономиканың 80% астамын қамтиды және жұмыс берушілер брендінің тартымдылығын көрсетеді.
Зерттеудің құндылығы - ол жұмыс беруші компанияның не ұсынатынын емес, оны адамдар қалай қабылдайтындығын зерттейді.
Номинацияны таңдаудың негізгі өлшемшарттары келесі параметрлер болды: жақсы еңбекақы төлеу, қаржылық тұрақтылық, мансаптық өсу, жағымды жұмыс ахуалы, қызықты жұмыс.
Денсаулық сақтау саласында «Ең тартымды жұмыс беруші» номинацияларының үштігіне  VIVA Pharm, STADA CIS және Dr.Reddy's компаниялары кірді. Viva Pharm фармацевтикалық компаниясы үздік атанды.
Жобаның бастамашысы - Randstad халықаралық холдингіне және ANCOR компаниясына сыйлық ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіргіміз келеді.
Біз осындай беделді марапатқа ие болғанымызға қуаныштымыз.
Компанияның «Сенім артуға болатын сапа» ұранына сүйене отырып, біз үнемі қызметкерлердің дамуына ұмтыламыз және бұл пациенттердің денсаулығы мен өмір сапасын жақсартудағы жаңа жетістіктерге жету жолы екеніне нық сенімдіміз.

Рақмет
Ваш вопрос отправлен. Ответ на него будут опубликованы после проверки администратором
Жабу
Сайт:
Закрыть